Коронавирус анықталмады: Атырауда модульдік ауруханада бес сәби дүниеге келді

original COVID-19: Соңғы поштадан...

«Жаңа туылған нәрестелер арасында төрт қыз, бір ұл бала бар», деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл туралы Атырау облысының штаттан тыс бас инфекционисті Надя ЕРҒАЛИЕВА айтты. Дәрігердің айтуынша, қазіргі уақытта сәбилердің жағдайы тұрақты. Олардың екеуі кесір тілігі арқылы дүниеге келді.

– Жүкті әйелдер пневмониямен жансақтау бөлімінде ауыр халде өкпені жасанды желдету аппаратында жатқандықтан, сәбилері мен аналарының өмірін сақтап қалу үшін ота жасалды. Дүниеге келген қыз баланың салмағы 2,5 келі, ал екінші ұл баланың салмағы  – 1490 грамм. Балалардың жағдайы тұрақты, – деді Надя ЕРҒАЛИЕВА.

2021 жылдың 18 наурызынан бастап Атыраудың модульдік жұқпалы аурулар ауруханасында бес сәби дүниеге келді, жаңа туған нәрестелер арасында – 1 ұл, 4 қыз бар.  ПТР-тест нәтижелері бойынша балаларда коронавирустық инфекция анықталған жоқ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз