Атырауда бір тәулікте 149 адамнан коронавирус анықталды

1 36 COVID-19: Соңғы поштадан...

«Науқастардың 101-і Атырау қаласының тұрғындары» деп хабарлайды Atr.kz

17 науқас Теңіз кенішінен анықталды. Аудандарда да инфекция жұқтырушылар саны артуда.

«Мәселен, бір тәулікте Жылыой ауданының 8, Қызылқоға ауданының 1, Индер ауданының 14, Құрманғазы ауданының 5, Махамбет ауданының 2, Мақат ауданының 1 тұрғынынан коронавирус анықталды» делінген Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан ақпаратта.

68 науқаста инфекция тиісті симптомдармен өтуде.
Еске сала кетелік, коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығына байланысты, Атырау облысы «қызыл аймақта» қалып отыр.

Баян Жанұзақова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз