Балалар бақ сынауда

screenshot 18 3 Білім

Атырау қаласындағы №33 Қ.Қайсенов атындағы орта мектепте 25 қазан – Республика күніне орай оқушыларға ұлттық мерекенің мән-маңызын түсіндіру, отансүйгіштікке баулу мақсатындағы іс-шаралар өтуде.

screenshot 17 2

Оқушылар алдымен бір мезетте мемлекеттік әнұранды орындап, бойларындағы патриоттық сезімді оятты. Одан соң бейнелеу өнеріне икемі бар балалалар «Ұлы ұстаздар» атты шығармашылық байқауда ұлағатты ұстаздарының суреттерін салудан сайысқа кіріссе, ал енді бір тобы «Атамекен» тақырыбында диктант жазудан бақ сынауда.

Көркем сурет салып, айна-қатесіз диктант жаза білген оқушылар іс-шара соңында арнайы сыйлықтармен марапатталмақ.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз