Көлік инфрақұрылымын кеңейтуге кедергі болмауы тиіс

Жаңалықтар Шаһар шырайы Экономика

Аtr.kz/30 сәуір, 2020 жыл. Баспасөз баяныАтырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов аймақтағы көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесі жөнінде селекторлық жиналыс өткізді.

Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Әсет Оразғалиевтің айтуынша, облыстағы жолдың жалпы ұзындығы 3000 км-ден асады. (1120 км. республикалық маңызға ие, 1927 – жергілікті). 2019 жылы көлік инфрақұрылымын дамытуға өңірде 39,2 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 37 елді мекендегі  230 км жол құрылысы жүргізілді.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша маңызды жоба –  «Атырау-Астрахань» халықаралық автокөлік жолын қалпына келтіру. Экономикалық жағдай біраз өзгеріске себеп болып отыр.

-Қазір жағдай өзгерді, жобаларды жүзеге асыруға қаржы жетіспеушілігі байқалады. Сондықтан, алдымен міндеттерге, аудандардың қажеттілігіне, жолдың жағдайына қарау керек. Осы қажеттілікке байланысты жоспар жасау керек. Бізге көлік инфрақұрылымын дамыту қажет, бірақ нақты мерзімі мен басты бағыттар көрсетілуі тиіс. Бірақ жұмыстар жоспарлы түрде жүргізіледі,- деді Махамбет Досмұхамбетов.

Аймақ басшысы жобаны іске асырудың барлық механизмдерін есепке алу керектігіне назар аударды. Жасалған жұмыстардың сапасына қатысты сын да айтылды. Кейбір жағдайлардан технологияны сақтамау, пайдаланылған материалдар мен өндірістік процестердің сапасына толыққанды бақылаудың жоқтығын байқауға болады. 
Облыс әкімі жасалған жұмыстар сапасы мен мемлекет қаражатының мақсатты жұмсалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды. 

-Облыстағы 56 елді мекенде қатты жол жабыны жоқ. Әсіресе, Құрманғазы, Қызылқоға аудандарында. Басқа аудандарда негізінен жағдай тұрақты. Жылыой ауданында – төрт елді мекенде, Индер ауданында – үш, Мақат ауданында – бір елді мекенде жол жабыны жоқ. Бұл мәселені шешу бақылауда, жобалау-сметалық құжаттама дайындалып жатыр, – деп атап өтті Әсет Оразғалиев.

Қазір Атырау облысындағы жақсы жолдың үлесі – 57%. Жоспар бойынша 2025 жылы бұл көрсеткіш  – 95 %  жетуі тиіс.

“Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі”

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған