«ӘР ҚАЗАҚ – МЕНІҢ ЖАЛҒЫЗЫМ»

il iya Жаңалықтар

Atr.kz / 17 шілде, 2020 жыл. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың телевизиялық Үндеуін жүрегіміз сыздап отырып тыңдадық. Әлемді жаулаған пандемия ортамыздан ойып тұрып ет жақындарымыз бен қимастарымызды алып кетіп жатыр. «Көппен көрген – ұлы той» дегендей, осындай қысылтаяң тұста бірлігіміз бен ынтымағымыз айқындала түспек. Ел иығына түскен осы бір ауыртпалық баршамыздың көңілімізді түсіріп, жүрегімізге жүк арқалатары ақиқат. Осы ретте мен де қайғының салмағы түскен бүкіл отандастарымызға қайғырып көңіл айтамын.

М е м л е к е т б а с ш ы с ы а й т ы п өткендей, коронавирустың таралуы бәсеңдемей отыр. Сондықтан, елде жарияланған карантин тәртібін с а қ т а у – е л д і ң б о л а ш а ғ ы н ойлайтын барша қазақстандықтың азаматтық парызы. «Әр қазақ – менің жалғызым» дегендей, әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын» деді ел Президенті телевизиялық Үндеуінде.

Бүгіндері еліміздің медицина саласына үлкен салмақ түсуде. Біз үйімізде отырып, дерттің таралмауы үшін өз үлесімізді қоссақ, сол инфекцияның бел ортасында, жайлаған тәжтажалмен бел шешіп күресіп жүрген дәрігерлердің жағдайы тіптен қиын. Иә, үйлеріне бірнеше ай бойы бармастан, балашағасымен телефон арқылы байланысып, өз өмірлерін қатерге тігіп жүрген ақ халатты абзал жандарға алғысымыз шексіз. Жасыратыны жоқ, медицина саласының кейбір кемшіліктері де белгілі болып қалғаны рас. Әлбетте, Мемлекет басшысы ол кемшіліктерді жою шараларын ұйымдастыратыны сөзсіз.

Сонымен қатар, пандемияны өздерінің теріс пиғылдарына пайдаланатындар қатары да бар. Жалған ақпараттар таратып жүргендер сол арқылы мыңдаған адам өмірін қатерге байлап отырғандарын сезе ме екен? Сондықтан, әлеуметтік желілердегі қауесетке сенбейік, дәрігерлерден нақты кеңес алып отырғанымыз абзал. Адамдар қиналып жатқан шақта дәрідәрмектің бағасын өсіріп, қайғылы жағдайды өз пайдаларына бұрғысы келетін алыпсатарлар да бар екен. Олар да құқық қорғау органдары алдында жауапқа тартылатыны сөзсіз. Ешқандай ылаң салушылыққа жол бермейік! Карантин талаптарын сақтап, өз денсаулығымыз үшін өзіміз сақ болайық.

Біздің денсаулығымыз – балашағамыздың, келешек ұрпақтың өмірі. Бұл кезең де басымыздан өтер, бір-бірімізбен күліп амандасатын кезге де жетерміз. «Сабыр түбі – сары алтын» дегендей, сабыр сақтайық! Бір-бірімізге көмектесейік, ұйымшыл болайық. Әрбір қазақтың өмірі үшін қолда бармен бөлісейік, қолдау жасаудан аянбайық! Сонда ғана осы тажалды да жеңетініміз анық.

Илья ЖАҚАНОВ,

Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Отан», «Парасат» ордендерінің иегері

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз