Атыраулық еріктілер дәрігерлерге көмектесіп, алғы шепте жүр

img 20200629 wa0028 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz / 17 шілде, 2020 жыл. Атыраудағы облыстық ауруханада 400 орындық инфекциялық стационар жасақталуда. Бұл жұмыстарды ұйымдастыруда еріктілердің еңбегі ерен. Талай игі іске атсалысып келген олар қазір дәрігерлерге көмекші болып жүр. Біз бүгін еріктілердің күнделікті тыныс-тіршілігіне үңіліп көрдік.

Облыстық ауруханадағы барлық бөлім басқа жекеменшік медициналық мекемелерге көшірілді. Ал, инфекциялық стационарға келген науқастарды қабылдап, түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін ғимарат алдында арнайы екі шатыр құрылған. Мұның бірінде дәрігерлер ауырып келгендерге арнайы медициналық көмек көрсетіп, науқастардың ұзыншұбақ кезекте тұрмауын қадағалайды. Ал, екінші шатыр инфекциялық стационардағы дәрігерлерге көмек көрсетушілерге арналған. Қазір мұнда бес ерікті уақытпен санаспай қызмет етуде. Олар – Асхат Ахатұлы, Талғат Тұрғанбаев, Талғат Мұхамбетов және Динара Темірғалиева мен Мира Есниязова.

– Бүгінде індет өршіді. Н а у қ а с т а р ғ а ш ұ ғ ы л медициналық көмек көрсетуде дәрігерлердің еңбегі зор. Пандемия басталғалы отбасына оралмастан қызмет етіп жатқан абзал жандарға жан-жақты көмек ауадай қажет.

– Осы орайда бүгінгі ахуалды көре тұра біз де бұл істе бей- жайлылық таныта алмадық. Атырау волонтерлар штабынан бес адам облыстық аурухананың аумағына барып, дәрігерлер мен науқастарға көмек көрсетуге тәуекел еттік. Бұл іске білек сыбана кірісу үшін ең алдымен өзімізді психологиялық тұрғыда дайындадық. Алғашында отбасымыз да алаңдаушылық білдіріп, қарсы болды. Кейін «Індетті жеңеміз!» деген ұранмен осы аймаққа жол тарттық, – деді ерікті Мира Есниязова.

«НАУҚАСТАРДЫҢ ҮМІТІН ҮЗЕ АЛМАДЫҚ»

Еріктінің айтуынша, алғашқы күндері салмағы 80-90 литр болатын оттегі баллондарын  дәрігерлерге жеткізіп беру, науқастармен бетпе-бет келу үлкен үрей туғызыпты. Дегенмен, кейін қалыпты өмір ырғағына түскен.

«Бастапқы уақытта таңға дейін жұмыс жасадық. Қызметіміз қиын болды. Осындай сәтте ертеңгі күннен бастап бұл істен бас тартамын» деген ойдың туындағаны да рас. Алайда, аурухана төсегінде өзіңе үмітпен қарап жатқан науқастарды көргенде, қолды сілтеп кете алмайды екенсің. Осылайша, бес ерікті күндізгі және кешкі ауысымда бөлініп қызмет етудеміз. Науқастармен тікелей байланыс жасамаймыз. Қыздар жағы оттегіге толы баллонды провизорлық орталыққа жеткіземіз. Ал, ерікті жігіттер оны жоғары қабаттарға тасымалдап, дәрігерлердің көмегімен, науқастарға жалғап береді» деді сұхбаттасушымыз.

БАСТЫ МАҚСАТ – ДЕРТТІ ЖЕҢУ

Ауа райының аптап ыстығын- да аурухана аумағындағы шатырдың жағдайы мәз б о л м а д ы . Со н д ы қ т а н , мұның ішіне салқындатқыш орнатылып, кереуеттер мен су ішетін диспенсер қойылды. Тоңазытқышты еріктілер өздері тауып әкелді. Алайда, кейіпкеріміз бүгінгі сын сағатта өздері үшін жай-күй талғап отырмау қажеттігін баса айтты.

– Біздің басты мақсатымыз – осы қауіпті індетті жеңіп шығу. Әрбір науқастың сауығып, отбасына аман-есен қауышуына т і л е у ш і а д а м б ы з . Б ұ л жұмыстағы әрбір минутымыз өте қымбат. Бір баллонды шұғыл жеткізу бір науқастың өмірін ажалдан арашалап қалу екенін терең түсінеміз. Бұдан бөлек, мүрдеханаға мәйіт апару, үйінен әкелінген тамақтарды науқастарға жеткізіп беру секілді сыртқы жұмыстарға да қолғабыс етеміз. Осы орайда өзіміздің саулығымызды ойлап, барлық сақтық шараларын да сақтағанымыз жөн. Бұл ретте ауруханадан қорғаныш құралдары мен қолғап, бетперде берілді. Демеушілер тарапынан да көп реттік қолданатын бетперде мен қолғаптар жеткізілуде. Кейбір жетіспей жатқан құралдарды өзіміз әкеліп те қойдық, – деді сұхбаттасушымыз.

Екі ауысыммен қызмет етіп жатқан еріктілер отбасының қауіпсіздігі үшін әзірге отбасыларына бара алмайды. Демеушілер есебінен жалға алынған үйде демалуға мәжбүр болуда.

Осылайша, аймақта коронавирустан өзге, өкпенің тез қабыну әрекеттері көрініс беріп, барша жұртқа қауіп төндірген дертті ауыздықтаудың шараларында еріктілердің еңбегі ұшан- теңіз. Шұғыл әрекеттерге жедел кірісе кеткен олардың ерлікке тең еңбегін қалай мадақтаса да жарасады. Ендігі уақытта эпидемиялық ахуалдың тұрақталып, қауіпті індетті жоюда бір-бірімізге демеу болар осындай еріктілер мен атымтай жомарттардың да қатары артса игі.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

  • Аталған денсаулық сақтау нысанынан бөлек, бүгінде облыстық кардиологиялық орталықта 70 провизорлық орын бар. Атырау қаласындағы және аудандардағы емханалардың жанынан провизорлық стационарлар да іске қосылды. Атырау қаласына қарасты Геолог кентіндегі емхана түгелдей провизорлық стационарға айналдырылуда. Мұнда 100 провизорлық орын жасақталды. Әрбір емхана жаны­нан дәл осындай 20 орын қарастырылды. Аймақта барлығы 267 провизорлық орын ашу жоспарланып отыр.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз