Түркияда тұрады күй-ананың мүсіні!

Атырау облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешовтың төрағалығымен зиялы қауым өкілдері қатысқан мәжіліс өтті. Жиынның күн тәртібінде Түркияның Анкара қаласында қазақ күйінің анасы Дина Нұрпейісоваға арнап ашылған саябақта орнатылатын ескерткіш жобалары туралы пікірлер талқыға салынды. Ағымдағы жылдың басында «ТҮРІКСОЙ» халықаралық ұйымының төрағасы Дүйсен Қасейіновке Атырау облысы әкімі Анкара қаласындағы Дина Нұрпейісоваға арнап ашылған саябаққа күй […]

Continue Reading

Жанұя жарастығы – шаңырақ шаттығы

Атырауда шаңырақ шаттығы мен өнегелі тәрбиені ұлықтайтын «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі мәресіне жетті. Биыл аудандық, қалалық деңгейдегі байқауда 32 отбасы облыстық кезеңге жолдама алды. Олардың ішінен оқ бойы оза шыққан 16 үздік отбасы іріктелді. Салтанат сарайында ұйымдастырылған марапаттау шарасына осынау жанұя мүшелері қатысып, мерекелі сәттің куәсі болды. Еңбекте, спортта, өнерде, шығармашылық пен ғылымда […]

Continue Reading

Ақ Жайықты әнмен тербеген…

Облыстық халық шығармашылығы орталығында  Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының «Астанадан ақ тілек» атты гала-концерті өтті. Шара шымылдығы «Шалқыма» халық би ансамблінің  бишілері орындаған «Шаттық» биімен ашылды. Көрермендер одан әрі халықаралық «Шабыт» фестивалінде бас жүлдеге ие болған Данияр Мұқанның орындауындағы Біржанның әні «Айтбайды» тыңдады. Сондай-ақ, сәнді сахнаның төріне жайғасқан «Сарыарқа» халық музыка оркестрі Ержан Тоқсабановтың […]

Continue Reading

«Ақ тілекпен, Астана»

Шаймардан Сариев атындағы өнер музейінде Елорданың 20 жылдығына орай Қазақстан өңірлеріндегі Астана қаласы күндері аясында ашылған көрме осылай аталды. Аталған шығармашылық жобасы әлемдегі ең табысты және жедел дамып келе жатқан жас қалалардың бірі ретінде жас астана өнерінің дамуын көрсетуге бағытталған. Астана — заманауи сәулет үлгісі ғана емес, үнемі жаңа идеялар мен үрдістер іздеу үстіндегі жаңашыл […]

Continue Reading

Мерейді өсірген марапат

Атырау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мәдениет мекемелерінің алқа мәжілісі өтті. Шараны ашқан Атырау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысы Саламат Сабыр мәдениет мекемелері қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, сөзді Атырау облысы әкімі орынбасары Нұрсәуле Сайлауоваға берді. – […]

Continue Reading

Күй күмбірлеп, ән әуеледі…

Елорданың 20 жылдық мерейтойы шеңберінде жоспарланған Атырау облысындағы «Астана қаласының мәдениет күндері» аясында көрермен назарына ұсынылған тағылымды шаралардың қатарында «Астанаға – арнау» атты концерттік бағдарламаны атауға болар еді. Мұнайлы Астанадағы Бейбарыс алаңында атыраулықтар мен шаһар қонақтарына тамаша тарту мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония ұжымы болды. Концерттің шымылдығы «Нарын» фольклорлық-этнографиялық оркестрінің орындауындағы жерлес […]

Continue Reading