ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ АЛҒАНДАР

Облысымыздағы іргелі білім ошақтарының бірі әрі бірегейі - Атырау облысының қазақ-түрік лицейі. Биылғы оқу жылында білім ордасын 46 түлек тәмамдағалы отыр. Олардың 32-сі түрлі республикалық және халықаралық олимпиадалар жүлдегері атанып, ҰБТ тапсырудан босатылған.

 

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында өткен лицей бітірушілер салтанатына ұстаздар мен ата-аналар, қонақтар өте көп келді. Олардың алдында лицей директоры Исмайл Элма сөз сөйлеп, білімді, өнерлі шәкірттерімен шын мәнінде мақтана алатындарын жеткізді. Ал, осынау салтанатқа арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев түлектерді мектеп бітірулерімен құттықтап, болашақтарына ақ жол тіледі.

Лиза СЕЙТІМОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз