ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНЕ – АЙРЫҚША НАЗАР

ҚР Президенттігіне үміткер Т.Сыздықовтың облыстық сайлауалды штабтары өткізген іс-шаралары туралы баяндап берді.

«Бүгінде Жамбыл облысындағы сайлауалды штабы қала тұрғындары үшін ҚР Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықовты қолдауға арналған іс-шаралар өткізуде», – деп мәлім етті партия облыстық комитетінің жетекшісі Ж.Мамашева.

Кандидаттың сенімді тұлғасы Г.Жұмабаева үгіт-насихат науқаны кезінде партияның басты назары батыстық мәдениет пен құндылықтардың кері әсеріне бөлініп отырғанын мәлім етті.

Кандидаттың Ақтөбе облысындағы сенімді тұлғасы Б.Жұмағұлова Тұрғын Сыздықовтың облыстық сайлауалды штабы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, облыс тұрғындарын қажетті ақпаратпен қамтамасыз етіп отырғанын жеткізді.

Оның айтуынша, штабта бес сенімді тұлға мен облыстық комитеттің жиырмаға жуық белсендісі бар. Олар күнделікті партия жұмысынан бөлек, үгіт-насихат жұмыстарымен де айналысады. Атап айтқанда, партияның баспасөз өнімдерін таратып, халықпен кездесулер ұйымдастырып, сайлаушылардың үйіне барып, үгіт жұмыстарын жүргізіп жатыр.

* * *

ҚКХП атынан ұсынылған ҚР Президенттігіне үміткер Тұрғын Сыздықов «Лифт» ЖШС-нің жұмысшы ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында Тұрғын Сыздықов жиын қатысушыларын өз сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды.

Бұдан әрі Тұрғын Сыздықов жастар тәрбиесіне қатысты өз пікірін ортаға салды. Оның айтуынша, әлем бойынша жастар сапалы классикалық шығармаларды оқудан қалды, есесіне зорлық-зомбылыққа толы голливудтік фильмдер, компьютерлік ойындар, қатыгез музыка, азғындалған киім кию мен тәрбие   олардың санасын улауда. Осы жерде жат қылықтардың ықпалына тез еретін жас буынды қатаң бақылауда ұстау қажет.

Бүгінде сол батыстың жастары тез, әрі зиянды тамақтанудың, фаст-фудтың құрбанына айналып жатыр, планшет пен телефонға телміріп, бар уақытын әлеуметтік желілерде, интернетте өткізуде. Мұндай өмір салты түбінде денсаулық пен адамгершілік қасиеттерден айырып, жалпы адам өмірін мәнсіз етеді. Шынайы өмірден қашамын деп, есірткі мен басқа да психотроптық тәуелділікке тап болып жатқандар қаншама?!

Кандидаттың айтуынша, осының салдарынан қантөгіс пен қатыгездікке толы, адами қасиеттерден ада  елес өмір қалыптасып жатыр. Батыс адамдары қатыгездікті санасына сіңіріп, өздерінің өмір сүру моделіне айналдыруда.

* * *

ҚКХП ұсынған Президенттікке кандидат Тұрғын Сыздықов «Защита локомотив жөндеу ДЕПО-сы» ұжымымен кездесті. Кездесу барысында кандидат  өзінің сайлауалды тұғырнамасының басты бағыттарымен таныстырды. Ол батыстық стандарттар мен тұтынушылық мәдениеттің теріс ықпалына тоқталып өтті.

«Батыс мәдениетінің ең қауіпті көріністері – компьютерлік ойындар, фильм-блокбастерлер, сапасыз әдебиет арқылы кең таралған зорлық-зомбылық, қаталдылық культтері. Шектеулі тұтынушылыққа тәрбиелейтін жаппай зорлық-зомбылық насихаты жастарды өз торына түсіріп, ақыл-есінен, адамгершілік қасиеттерден айыруда. Сол арқылы адам өмірі құнсызданып барады. Әрбір екінші батыстық фильм, бейнеклип немесе әуеннің астарында қатыгездік, енжарлық, немқұрайлылық, іс-әрекетке деген жауапсыздық белгілері жатыр», – деді Т.Сыздықов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз