БАТЫСҚА ЕЛІКТЕУГЕ ШЕКТЕУ КЕРЕК

ҚКХП ұсынған ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың Алматы және Павлодар облыстарындағы аймақтық сайлауалды штабтары өз жұмыстарын жалғастырды.

Талдықорған қаласында сенімді тұлғалар батыс стандарттарының теріс ықпалы туралы талқылады. «Батыс жастары отбасылық құндылықтар, дәстүр, бірізділік, үлкендерді құрметтеу сияқты адамгершілік қасиеттерге мүлде жат тұтынушылық стандарттармен өмір сүріп жатыр. Мұның бәрі – рухани нигилизмге үндейтін ашық насихаттың салдары. Мұндай қоғамда өмір сүретін адамдардың өмірлік қағидаттары – жалқаулық және материалдық ашкөздік, толық моральдық жауапсыздық», – деп атап өтті Алматы облыстық сайлауалды штабтың жетекшісі.

Батыс қоғамында әлеуметтің одан әрі жеткілікті өрбуі үшін тұлғаның моральдық-психологиялық дамуы мойындалмайды.

Айтылған мәселелердің бастауын ҚКХП жанұялық-туысқандық және ұлттық ерекшеліктерді ескермейтін батыс құндылықтарының кең насихатталуынан көреді.

Сонымен қатар, ҚКХП кандидаты Т.Сыздықовтың бағдарламасы Павлодар қаласында да талқыланды.

Шетелдік жаттанды тақырыптар БАҚ, киноөнімдер, түрлі танымал ток-шоулар және журналдар арқылы таралуда. Алғашқы болып өзінің құндылығын жанұя және неке институттары жоғалтуда.

***

Астана қаласында ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықов пен Республикалық сайлауалды штабтың жетекшісі А.Қоңыров кезектен тыс сайлауды бақылау жөніндегі Республикалық қоғамдық комиссияның өкілдерімен кездесті.

Тараптар сайлауалды науқанының барысы туралы сұхбаттасты, сайлау комиссиялары жұмысында қоғамдық бақылаудың маңыздылығына тоқталды. Т.Сыздықов комиссия өкілдеріне штаб жұмысы туралы хабардар етті, насихат материалдарымен таныстырды, аймақтардағы шаралар және алдағы жұмыс жоспары жайлы айтып берді.

– Қазақстанда сайлау насихатын өткізуге барлық мүмкіндік жасалған. Сайлау науқанын жүргізу барысында аймақтық сайлау комиссиялары тарапынан берілген кеңестер мен тиімді заң талаптары, БАҚ-тың мәселелерді толықтай қамтуы, Орталық сайлау комиссиясы тарапынан дайындалған әдістемелік нұсқаулықтар – мұның барлығы сайлау науқанын қалыпты және келеңсіз өткізуге толық мүмкіндік береді, – деп атап өтті кандидат.

А.Қоңыров бақылаушылардың назарына ҚКХП кандидатының үгіт-насихат материалдары БАҚ-та толық жарық көріп отырғандығын жеткізді.

«Сайлау науқаны басталғаннан бері БАҚ-пен тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде 40-қа жуық интернет желілерінде біздің кандидатымыз және сайлауалды штаб туралы жүздеген материал және бұқаралық ақпарат құралдарында 20-дан аса мақала жарық көрді. Жалпы алғанда, сайлау науқаны басталғалы республикалық штабтың ұйымдастыруымен Тұрғын Сыздықовтың Қазақстанның бес аумағында сайлаушылармен 11 кездесуі өтті», – деді ол.

ҚКХП кандидатының насихат автокеруені Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстанда болды. Бүгінгі күнде сайлауалды науқанға облыс орталықтарынан 203 қалалық және аудандық комитет, 2 мыңнан аса бастауыш партиялық бірлестік қамтылған. Аймақтық штабтар сайлаушылармен кездесу ұйымдастыруда. Насихат жұмыстары партияның бастапқы өкілдіктерінде қолға алынған. Кездесу соңында қос тарап ашық және пайдалы сұхбат болғандығын атап өтті.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз