ЖҰМЫСШЫ-МАМАНДАРҒА СҰРАНЫС КӨП

Атырау шаһары бойынша халықты жұмыспен қамтуға арналған кешенді жоспарға сай қаладағы білім беру орталықтары, мейрамханалар басшылары мен мердігер мекемелер өкілдерінің қатысуымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді.

 

Атап айтқанда, «Сичим СпА», «Іскер Консорциум», «ЭкогеоМұнайгаз», «Ренко Проперти», «Болашақ Атырау», «АлмаИстВестГрупп», «Кентек Қазақстан Техникал Сервис» ЖШС, «АтырауСуАрнасы» КМК  және тағы  басқа да мекемелердің өкілдері жәрмеңкеде 209 бос жұмыс орнын ұсынды. Әсіресе, химия технологы, кадр бөлімінің инспекторы, қаржы мамандары, іс жүргізуші, құбыр монтаждаушы, жүк көтеруші оператор, автогрейдер  машинисі, тракторшы, аспаз-мұғалім, бас жоспарлаушы, аудармашы  мамандарға сұраныс көп болып отырғаны байқалады.

Қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Гүлнар Құспанованың айтуынша, биылғы жылы орталыққа 1200 жұмыссыз тіркелген. Олардың әлеуметтік жағдайына қарай 250 адам жәрмеңкеге арнайы шақырылып, жұмыс ұсынылды. Бұдан басқа, жәрмеңкеге қатысушыларға «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша түсінік беріліп, әлеуметтік  және ақылы қоғамдық жұмыстар кәсіби білімін жетілдіру, қайта даярлау курстары да ұсынылды.  

Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА.

Суретті түсірген: ӘНУАР ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз