МАҚСАТ – АЙҚЫН, МӘСЕЛЕ – НАҚТЫ

Елбасының «Қазақстан жаңа  жаһандану,  нақты   ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауын ұжым болып  тыңдап, өз ойларымызды ортаға салдық. Тәуелсіздік алған  жиырма төрт жыл ішінде қаншама игілікті істер жүзеге асырылып, еліміздің әлеуеті арта түсті.

 

Жолдауда айтылғандай, еліміз Тәуелсіздік алған кезеңнен  бері 1300-ден астам денсаулық сақтау нысандарының бой көтеруі – шын мәнінде мемлекетіміздің халық денсаулығын  жақсартуға деген шынайы қамқорлығының нәтижесі. Осы қамқорлықтың арқасында еліміздегі халықтың өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа артып отыр. Сондай-ақ, ана мен сәби өлімі   төмендеп, демографиялық көрсеткіш артты. Денсаулық саласындағы  мұндай оң нышандар біздің облыстық балалар ауруханасында да баршылық.

Жолдауда Елбасы келер жылдың 1-ші қаңтарынан  бастап дәрігерлердің еңбекақысының 28 пайызға өсетіндігін айтты. Бұл халық денсаулығының күзетінде жүрген дәрігерлерге жаңа  күш- жігер, үлкен  жауапкершілік жүктейтіні анық.

Нұрқабыл

АЙТМҰХАМБЕТОВ,

облыстық  балалар ауруханасының  бас дәрігері,

медицина ғылымдарының  кандидаты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз