Жер сілкінісінен 44 адам зардап шекті

img 5200 Жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, түнгі сағат 1-ден бері Алматыда жеңіл және орташа дәрежедегі жарақат алған 44 адам медициналық көмекке жүгінген. Оларға  бастың көгеруі, дененің тырысуы және аяқ-қолдардың созылуы секілді диагноздар қойылған.

Түрлі белгілермен олар қалалық ауруханаларға жеткізілді. Оның 34-і ересектер. Үш адам ауруханаға жатқызылды, 31 адам амбулаторлық емдеуге жіберілді.

Сондай-ақ 10 балаға медициналық көмек көрсетілді, оның 5-еуі ауруханаға жатқызылды, 5-еуі амбулаторлық емделуге жіберілді.

фото : фб. Асхат Қасенғали

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз