whatsapp image 2019 11 12 at 17.08.59

Жемқорлықты түп-тамырымен жою мүмкін бе?

Жаңалықтар Саясат

Atr.kz/12 қараша, 2019 жыл. Облыс әкімдігінде мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу шаралары талқыланды.

Селекторлық кеңес облыс әкімі аппаратының басшысы Дәурен Бектұрғановтың төрағалығымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен өтті.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басқарма басшысы Жәнібек Қаражановтың айтуынша, қазіргі таңда республика бойынша Атырау облысында жемқорлық  фактілері әлі жойылмай отыр.

– Ағымдағы жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюросы департаментінің қызметкерлері мониторинг жүргізді. Нәтижесінде, жемқорлыққа байланысты  құқық бұзушылық жасаудың жеті тәуекелі анықталды, – деді Жәнібек Қаражанов. 

Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Дәурен Бектұрғановтың айтуынша, мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаудың белгілі бір жүйесін әзірлеу қажет. 

– Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша түрлі бағытта жұмыстар  жүргізіліп жатыр. Алайда,  адамгершілік құндылықтарға немқұрайлы қарау, білім мен тәрбие деңгейінің төмен болуы сияқты  көптеген себептер, адамдарды  осындай іске баруға итермелеп отыр, – деп қорытындылады Дәурен Бектұрғанов.

Сондай-ақ, жиында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және талдау мақсатында мемлекеттік қызметкерлерге семинарлар өткізу ұсынылды.

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған