Жастарды қызықтырған «вейп» деген не?

d8644708407769f742aa7c80509e31b2 2 Жаңалықтар

Атыраулық полицейлер «Вейп – денсаулыққа қауіпті» тақырыбында түсіндірме сабағын өткізді.

Нашақорлық – бүгінгі күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі. Әсіресе, жастар арасында оның алдын алу үшін бірқатар шаралар мен сабақтар өткізілуде. Осы мақсатта Атырау қаласындағы Қасым Қайсенов атындағы орта мектепте ата-аналар жиналысына қатысқан полиция қызметкерлері нашақорлық туралы түсінік жұмыстарын жүргізіп, ата-аналардың сауалдарына жауап берді.

Айта кету керек, бір есірткінің таралуына тосқауыл қойылып жатса, біраз уақыт өткен соң тағы бір жаңа түрі пайда болып жатады. «Вейп» – соның бірі. Бұл – электронды темекі болып табылады. Оның жастар арасында таралуына жол бермеу – бүгінде қоғам алдындағы маңызды міндет болып отыр.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз