«Жаппай көкпар» – Атырауда!

спорт Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Атырау облысында алғаш рет «Жаппай көкпар» додасы өткізілмекші. Аталған шара облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен өтеді.

%d1%81%d0%bf%d0%be%d1%80%d1%82

«Жаппай көкпар» сайысына кемінде тәжірибелі бес ойыншысы бар аудан командарлары қатыса алады. Ойын барысы төрешілер мен дәрігерлердің жіті бақылауында болады.

«Жаппай көкпар» – әр қатысушы өзі үшін күш сынасатын және көкпар ретінде тартылған серкеге ие болып, белгілі бір орынға жеткізген тек бір адам ғана жеңімпаз бола алатын ойын түрі.

Ұлттық спорттың бұл түрі 29 қазан, сенбі күні таңертеңгі сағат 10.00-де Атырау қаласына жақын Талғайраң ауылында басталады.

Сайыстың жүлде қоры 500 мың теңгені құрайды.

Бақытжан ЖҰМАТ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз