Жанұя жәрдемақысы жайлы не білесіз?

71 1 Жаңалықтар

Atr.kz/26-ақпан, 2019 жыл. Тұрғындарды қолдау бағытындағы әлеуметтік көмек негізгі алты санатқа бөлінеді.

Елімізде балалы отбасыларды жұмыспен қамтуға арналған шаралар мен жеңілдіктер бар. Мәселен, колледждер базасында 2,5 жыл көлеміндегі тегін кәсіби техникалық білім алу қарастырылған. Яғни, оқу ақысына мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, шәкіртақы, жолақымен қамтылады.

71 1

Сондай-ақ, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының оқу орталықтары мен колледждер базасында қысқа мерзімде курстарда оқытылады. Сонымен қатар, жолақы үшін материалдық көмек және шәкіртақы төлеу қарастырылған. Тұрғылықты мекеннен тыс жерде оқитын бағдарламаға қатысушыларға жатын орын шығыны да өтеледі. Аталған отбасылардың жеке ісін ашу үшін «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлікке оқыту мен шағын несиелеудің жолдары қарастырылған.

Балалы отбасы мүшелерін жұмыспен қамту мақсатында кәсіби бағыт-бағдар, кеңес беріліп, әлеуметтік жұмыс орындарына тартылады және айлық еңбекақы көлемінен көп емес еңбекақының  35 пайызы мемлекет арқылы субсидияландырылады.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы №105-V Заңының 11-бабына сәйкес 5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.

«Алтын алқа» және «Күміс алқа»

иегерлеріне 16160 теңге көлемінде жәрдемақы төленеді.

Облыстағы  көп  балалы,  жәрдемақы  алатын  аналар  саны – 12 249

(1  ақпанға  дейінгі  мәлімет)

Оның ішінде «Күміс алқа» иегерлері – 5557

«Алтын алқа» – 3594

Он және одан да көп балалы аналар – 983

Жәрдемақы алатын аналардың жалпы саны – 22 383

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз