Жаңа жылды Қазақстанда қарсы алуға 23 мыңнан астам турист келді

christmas tree 708003 960 720 Жаңалықтар

23 мыңнан астам турист жаңа жылды Қазақстанда қарсы алды, деп хабарлайды «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

EQonaq ақпараттық-талдау жүйесінің мәліметі бойынша елімізде жаңа жыл мерекесін атап өтуге 23 мыңнан астам турист келген.

Бұл – 2022 жылғы 26 желтоқсан мен 2023 жылдың 4 қаңтары аралығын қамтитын есеп.

Туристердің жартысына жуығы (9 мың) Алматыға және 5,1 мыңы Астанаға келді.

«Бір қызығы, жаңа жылды қарсы алуға келгендер таңдаған ТОП-5 өңірдің ішінде Ақтөбе, Павлодар және СҚО бар. Яғни, суық өңірлер», – дейді ұлттық компаниядан.

Сондай-ақ, хабарламада Қазақстанға саяхаттаушылардың дені Ресейден келгені (15 мың адам) айтылған.

Одан бөлек, Өзбекстан, Үндістан, ҚХР, Түркия, Германия және Ұлыбританиядан келген меймандар бар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз