Жаңа аллеяға – 750 жасыл желек (ФОТО)

FB IMG 1539498811044 Жаңалықтар

Демалыс күндері тазалық акциясы аясында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының сарбаздары «Нұрсая» ықшамауданының «Жастар» алаңында 750 түп көшет отырғызды. 

FB_IMG_1539498811044

FB_IMG_1539498816612

FB_IMG_1539498823650

Мұндағы мақсат – туған өлкені көгалдандыру, айналаны абаттандыру, жасыл желек қатарын көбейту. «Бір тал кессең, он тал ек» деп бекер айтылмаған. Облыс орталығы болған соң, кейде белгілі себептермен теректерді кесуге тура келіп жатады. Осы орайда, олардың орнын толтыру жағын да ұмытпаған жөн.

Күннің суықтығына қарамастан, жаңа аллеяны жас шыбықтармен толтыруға 150-ге жуық жас өз еріктерімен атсалысты. Бірі қолға күрек алып, ағаш отырғызса, екіншісі түбін қопсытып, шелекпен су тасыды.

FB_IMG_1539498819016

FB_IMG_1539498828401

FB_IMG_1539498807105

*Сіз не дейсіз?

– Осындай акциялар тұрақты түрде өткізіліп тұрса өте жасқы болар еді. Өйткені, Атырау – қазыналы өңір. Мұнда өндіріс ошақтары көптеп шоғырланған. Күн сайын жұтып жүрген ауамызға мол мөлшерде зиянды заттар бөлініп жатады. Сондықтан, экологиялық норманың бұзылу жиілігі өте зор. Менің ойымша, егер туған өлке табиғаты мен оның тұрғындарына жанымыз ашыса, әрқайсымыз айына бір мәрте болса да бір шыбықтан отырғызсақ, артық болмас еді.

FB_IMG_1539498826075

FB_IMG_1539498832374

 

Амандық АБДОЛ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз