ЖҮРЕКТЕРГЕ ЖЫЛУ ҚҰЙҒАН

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орай «Қоғамдық келісім және Достық» үйінде «Мүгедек жандарға арналған  қайырымдылық ынтымақ акциясы»  кеші өткізілді.

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы Атырау облыстық хатшылығының басшысы Еркін Қадырғалиев жылы лебізін білдірді. Мүмкіндігі шектеулі жандар Тыныш Жақыпова,Томирис Жанболат, Ахмед Межедов, Айнұр Дүйсеш және басқалар қатысып, ризашылықтарын айтты.

Мерекелік кеш ерік-жігері мықты, өмірдің небір кедергілеріне мойымай, өмір сүруге деген құштарлығымен өзгелерге үлгі болған жандарға арналды.

Қайырымдылық шарасы барысында мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандарға этномәдени бірлестіктердің дайындаған сыйлықтары тарту етілді. Мүгедек жандар әндерін шырқап, өз өнерлерін көрсетті.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз