«Жұмыс іздеп жатырмын!»

«Жұмыс іздеп жатырмын» 2 Жаңалықтар

– Анашым, қарашы, мамасы бөпенің орнына фейсбукты құшақтап алыпты.

Неге?..

Автобус терезесінен сыртқа көз салып отыр едім, алдымда отырған ұлымның сөзіне елең ете қалдым. Жалғыз мен емес, базарға бағыт алған жолаушылардың бәрі де балам көрсеткен жаққа жалт қарасты.

«Жұмыс іздеп жатырмын!»-2

Бұл күні ұялы телефонды байланыс құралынан гөрі бос уақыт өткізудің құралы ретінде қабылдап алғанымыз жасырын емес. Өзге әлемді ұмытып, экранның арғы жағындағы қызыл-жасылды өмірге елеңдеуге де етіміз үйреніп бара жатқандай. Бүгінгі қоғамның дерті – осы.

Көшеге ілінген тағы бір суретте жұмыссыздық жайлаған заманның жыры да дәл бейнеленген. Жалақысы жоғары жұмысты күтіп жату   бүгінгі жұмыссыздардың жайы ма дерсің.

«Жұмыс іздеп жатырмын!»

Қалай десек те, Аңсаған Мұстафа есімді Атыраудан шыққан суретшінің заманауи суреттері қазіргі қоғамның дертін дөп басқан екен. Осы мәселелерді халыққа жеткізудің бір жолын  көшеге баннер ілу деп тапқан қала басшылығының бұл бастамасына шын риза болдық.

Автобус ішіндегі жұрт шуласып кетті. Бәрінің ойы бір жерден шығуда. «Расында да, шын-ау» десті олар. Қоғамға ой салу деген осы. Жарасымды бастама жалғаса берсін делік.

Гүлбаршын  СЕЙТАЛИЕВА,

Атырау  қаласының  тұрғыны.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз