Зейнетақы қорындағы қаражатты алуға қатысты барлық сауалға филиал директоры жауап берді

izobrazhenie 2021 02 12 135119 Жаңалықтар

Қазір еліміз бойынша зейнетақы жинағын алып жатқан салымшылар бар. Тың бастама, жаңа жобаның арқасында олар көптен күткен қуаныштары – баспаналарына қол жеткізуде. Дегенмен, қордағы қаржыны пайдалануға қатысты туындаған сұрақтар көп. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» Атырау филиалы директоры Қозыбақ ҚҰЛБАРАҚОВПЕН бүгінгі әңгімеміз осы мәселелер турасында өрбіді.

– Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақты пайдалану туралы мəселе көтерілгеннен бері біздің филиалға келіп, кеңес сұраушылардың қатары көбейді. Алайда, құжаттардың бəрі электронды түрде жүргізілетіндіктен қазіргі кезеңде салымшылардың кеңсеге аяқтай келуінің қажеті болмайды. Əр адам үйінде отырып өзінің қанша жинағы барын, басқа да қажетті ақпараттарды интернет-байланыс (электрондық сандық қолтаңба, ЖСН, БЖЗҚ-ындағы пароль) арқылы біле алады. Сонымен қатар, арнайы www. enpf.kz (cabinet.enpf. kz/porog) сайтынан қолындағы смартфон, планшетпен де өзіне керекті мəліметтерді ала алады. Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуда басты жауапкершілік бас оператор «Отбасы банкіне» жүктелгендігі белгілі. Ал, қазір Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры екінші дəрежелі «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank», «БанкЦентрКредит» АҚ-мен өзара келісімге отырды. Айтқандай, енді осы аталған қаржылық құрылымдардың бөлімшелері де салымшының өтінішіне қарай жинақтағы қаражатты қажеттілікке қарай аудару қызметімен айналысатын болады. Бір ескеретін жағдай, салымшы қордағы жинағын кез-келген мақсатта пайдалана алмайды. Оның жұмсалуы қадағаланады. Сол себепті де медициналық қызмет алудың өзі ережеге сəйкес жүргізілетін болады. Мұның бəрін жергілікті дəрігерлік комиссия тұрақты есепке алып отырады.

– Қозыбақ Әбуұлы, айтыңызшы, республикада, одан қалды облыста қанша салымшы БЖЗҚ-ындағы жинағын пайдалана алады?

– Сұрағыңыз түсінікті. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының деректеріне сəйкес, бүгінде еліміз бойынша 761 мыңнан астам адам мерзімінен бұрын пайдалану құқығын қолдана алады. Олардың шоттарында 2,4 трлн. теңгеден астам қаражат бар. Ал, Атырау облысы бойынша 74 мыңнан астам салымшы зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын нысаналы мақсаттарға пайдалану құқығына ие.

– Құпия болмаса, салымшылардың ішінде ең көп жинақталған қаражаттың көлемі қанша және ондай салымшы нешеу?

– Облыстағы 44 мыңнан астам салымшы 10-20 млн. теңге мөлшеріндегі жинаққа ие. Бұл, сөз жоқ, олардың маңдай тері, адал жинағы. Еңбекақысы жоғары жұмыстағы еңбеккерлердің жинағы да мол. Айталық, біреу 60 жасқа келсе де, жинағы шекті мөлшерге жетпеуі мүмкін. Керісінше, одан 20- 30 жас кіші мұнай кəсіпшілігіндегі жұмысшының ондаған миллион теңге жинағы бар. Осыдан байқағанымыздай, кіріс көп болса, зейнетақы жинағы да мол болады.

– «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын орындау бойынша БЖЗҚ-ның қандай функциялары бар?

– Зейнетақы қорының негізгі міндеттері – жарналардың, қаржы құралдарының, инвестициялық табыстың нақты есебін жүргізу, салымшыларға олардың жинақтары туралы ақпарат беру, қызметтер көрсету, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру. Аталған қор жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық ақпараттық жəне қаржылық ағындарының бірыңғай есеп орталығы жəне операторы болғандықтан, ол мемлекеттік органдармен жəне ұйымдармен, банктермен, инвестициялық б а с қ а р у ш ы л а р м е н ж ə н е сақтандыру компанияларымен, салымшылармен өзара іс-қимылда осы процестердің техникалық, ұйымдастырушылық, ақпараттық аспектілерін қамтамасыз етеді. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыруға белсенді түрде қатысады.

– Мерзімінен бұрын пайдалану сомаларына салық салына ма?

– Зейнетақы жарналарын аударған кезде оларға жеке табыс салығы салынбайтындықтан, зейнетақы төлемдеріне жеке табыс салығы салынуы тиіс. Бұл ретте салымшы төлемді жүзеге асыру кезінде жеке табыс салығын төлеу бойынша таңдау құқығына ие бола алады: Ж Т С т ө л е у д і к е й і н г е қалдыруды пайдалануға немесе тұрғын үй жағдайларын жақсарту жəне емделуге ақы төлеу үшін БЖЗҚ-нан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін алған кезінде жеке табыс салығын толық көлемде өтеуге болады. Егер салық шегерімдері бар болса жəне оларды пайдалануға құқықтары болған кезде ғана қолданылады.

– Зейнетақы жинақтарын пайдалануға қандай жағдайларда рұқсат берілмеуі мүмкін?

– Уəкілетті оператордан с а л ы м ш ы н ы ң ө т і н і ш і қабылданғаны туралы электрондық хабарлама келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде бас тарту себебін көрсете отырып, мынадай жағдайларда біржолғы зейнетақы төлемдерін аударудан бас тартылуы мүмкін: – мемлекеттік органдардың а қ п а р а т т ы қ ж ү й е л е р і н д е салымшының жеке куəлігінің жарамсыздығы немесе оның қайтыс болғандығы туралы мəліметтердің болуы; – салымшының БЖЗҚ-ында зейнетақы жинағының болмауы; – жинақты алушының оны мерзімінен бұрын пайдалануға қ ұ қ ы ғ ы б о л м а у ы , я ғ н и салымшының міндетті зейнетақы жарна немесе міндетті кəсіптік зейнетақы жарна есебінен қалыптастырған зейнетақы жинағы сомасы уəкілетті оператордан электрондық хабарлама алған күні «Зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегін айқындау əдістемесіне» сəйкес, зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегінен аспауы; – ж а с ы н а б а й л а н ы с т ы зейнетақы төлемдерін алушының зейнетақы төлемдерінің мөлшері жиынтығында «Зейнетақы төлемдерін алушының орташа айлық кірісінің орнын толтыру коэ ффи ц и ен тін ай қын дау əдістемесіне» сəйкес, алушының орташа айлық кірісінің орнын ауыстыру коэффициентін 40 пайыздан төмен емес деңгейде қамтамасыз ете алмауы.

– Жеткіліктілік шегін есептеу кезінде инвестициялық табыс пайдаланыла ма? Төлемдер алдымен инвестициялық кіріс сомасынан жасала ма, әлде жарналар сомасынан ба?

– Жеткіліктілік шегін есептеу кезінде зейнетақы жарналары мен инвестициялық кірістен қ а л ы п т а с а т ы н з е й н е т а қ ы жинақтарының барлық сомасы ескерілетін болады. Сондықтан, төлемдер инвестициялық табысты ескере отырып, жинақтардың жалпы сомасынан пропорционалды түрде жүргізіледі.

Əңгімелескен: Лиза СЕЙТІМОВА

Коллажды жасаған: Сая РАМАЗАНОВА

*СІЗ НЕ ДЕЙСІЗ?

Ертеңің жарқын болсын десең…

  • – Біз бейнеттің зейнетін көріп отырған адамбыз. Өмір бойы жұмыс жасадық, кезіндегі ақшамен 70-80 сом көлемінде жалақы алдық. Жесір қалсақ та, ондаған баланы асырап-бағып, қатарынан кем етпедік. Ал, қазір тұрмыс басқаша. Еңбек етпесең, ішіпжемеуің былай тұрсын, табысың жоғары болмаса, зейнетақы қорына қаражат та жинай алмайсың. Оның көлемі шекті мөлшерден аспаса, қажетіңе жарата да алмайсың. Бір сөзбен, қол қусырып отыратын заман емес. Балаларым, айналайындар, қимылдап, еңбек етіңдер. Жағдай соқса, еңбекақысы мол жұмысқа тұрыңдар. Ол өздеріңе де, қорға қаражат жинауға да сеп болады.

Қаламсия АМАНБАЕВА, 80 жастағы əже

Шекті мөлшер кімдер үшін?

  • – Мен 40 жылдан бері еңбек етіп келемін. Зейнетақы қорындағы бар жинағым 3 млн. теңгеге де жетпейді. Өйткені, 90-шы жылдардағы тоқырау кезінде айлап, жылдап жұмыссыз қалдық. Одан кейін де жалақысы көп жұмысқа тұра алмадық. Қазіргі күнгі табысымыз да мардымсыз, 50 мың теңгенің о жақ, бұ жағы. Сондықтан, зейнетақы жинағынан маған түк те тимейді. Əрине, əркімнің өзіндік пікірі бар. Еңбекақысы жоғары еңбеккерлер шекті мөлшерден асқан жинағын алып, бір қажетіне жұмсайды. Керісінше, табысы аз адамдардың мүмкіндіктері шектеулі болып тұр. Халықтың бір өкілі ретінде айтпағым: шекті мөлшер төмендетілсе, болмаса, барша салымшы қордағы жинағының жартысын (50%-ын) алса, дұрыс болатын еді.

Жұбандық ЖАРЫЛҒАСҰЛЫ, 60 жаста

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз