Волонтерлер көмекке жұмылды

bez imeni5454 Жаңалықтар

Атырауда су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету үшін 70-ке жуық волонтер тартылды. Олар су тасқынынан зардап шеккен Қазақстанның екі өңірі — Ақтөбе мен Қостанайға гуманитарлық көмек жинауда.

Атырау облысының ішкі саясат басқармасы азаматтық орталығының маманы Ақбөбек Тәттібекқызының айтуынша, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін Атырау қаласында арнайы пункт пен еріктілер штабы ашылған.

– Қазір кез келген көмек маңызды. Киім, жеке күтім және азық-түлік әкелуге болады. Атырауға әзірге 70 — ке жуық ерікті тартылды, – дейді спикер.

Айта кетейік, атыраулықтар «Күшіміз бірлікте» республикалық еріктілер акциясы аясында гуманитарлық көмек жинауда. Гуманитарлық көмекті Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің №2 студенттік жатақхана ғимаратына әкелуге болады.

Рахима ХАЛЕЛ

Сурет автордікі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз