Үгіт тобы – Жұмыскерде

img 20201220 wa0099 Жаңалықтар

​ «Есіктен-есікке» акциясы аясында «Nur Otan» партиясының үгіт-насихат тобы «Жұмыскер» ықшам ауданында болып, тұрғындармен кездесті.

«Жұмыскер» елдімекенінде 18 мың адам тұрады. Мұнда тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне барынша жағдай жасалған. Дегенмен, басты проблема – поликлиника бөлімшесінің тарлығы сонымен қатар, қоғамдық көлік тікелей қатынамайды.
«Елдің аманатын арқалаған, азаматтардың халықпен пікірлескендері орынды. Бұл көптеген мәселенің уақытында шешілуіне мүмкіндік береді. Мәселен, осы ықшам ауданда дәрігерлік пункт жоқ. Оның құрылысын қолға аламыз дегелі де біраз мезгіл өтті. Халық көп болғанымен, кішкентай медициналық пунктке қараламыз» деді партия өкілдеріне базынасын айтып, үміт артқан зейнеткер ұстаз Бөкен Гумаров.
Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Дүйсенбай Тұрғанов «Айтылған ескертпелерді ескереміз. Оны жергілікті атқарушы органдарға жеткізіп, оның шешілуіне үлесімізді қосамыз» деп жауап берді.
Қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер, құрамында Қаршыға Жауынбаев, Гүлзейнеп Юсупова, Серболат Шораев, Ильяс Қонысбаев бар топ қаржы саласының ардагері Жұмабике Өтеғалиева, ұстаз Меруерт Досмағанбетовалардың шаңырағында болып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды міндеттеріне тоқталып, партияны қолдауға шақырды.
Үгіт-насихат тобын бастап жүрген қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Қаршыға Жауынбаев: «Халық болған соң, ұсыныссыз болмайды. Тұрғындар, ауыл ішіне жол салынып, автобус аяладамаларын көбейтіп, автобус рейстерін жиілетуді сұрады» деді.

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Атырау қаласының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз