Түркиялық Ильхан Медигазиев: «Ынтымағымыз арта берсін!»

bez imeni2427 Жаңалықтар

«Нұрлы тал» этнопаркінде өтіп жатқан мерекелік шарада Түркиядан келген кішкентай тұрғын Ильхан Медигазиевпен кездестік. Ол биыл Наурыз мерекесін Атырауда тойлайтынына айрықша қуанышты.

–Мен Түркияның Стамбұл қаласынан Атыраудағы нағашы ата-әжемді Наурыз мерекесімен құттықтау үшін анаммен бірге қыдырып келдім. Менің әкем – түрік, анам – қазақ. Мен қазір VI сыныпта оқимын, сабақ үлгерімім жақсы. Ұлтым түрік болғанымен, қазақ тілін өте жақсы білемін. Барлық атыраулықты Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Ынтымағымыз жараса берсін, бауырлас елдігіміз мәңгілік болғай! – дейді түркиялық мейман.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз