Төтеншеліктер дамылсыз еңбек етуде

bez imeni7755 Жаңалықтар

Атырау қаласында толассыз жауған жаңбыр суын сору жұмыстары бүгін де еш тоқтаусыз атқарылуда. Апаттық-құтқару қызметінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары да дамылсыз еңбек етіп жатыр.

Аталған департаменттің қоғаммен байланыс тобынынан білгеніміздей, бүгінгі жұмыс сағат 06:00-де «Сарықамыс» шағынауданы Т.Садықов көшесіндегі тұрғын үйдің ауласынан басталды. Одан кейін «Мирас» шағынауданы Астана көшесіндегі балабақшаның және Қоскелдиев көшесіндегі жеке тұрғын үйдің алаңынан су шығарылды. Түскі дейінгі ақпарат бойынша жалпы көлемі 1479 текше метр жаңбыр суы сорылды.

Ал кеше төтеншеліктердің күштерімен қала аумағында 4420 текше метр жаңбыр суы тазартылған болатын.

Айта кету керек, аталған жұмысқа департаменттің өрт сөндіру қызметінің 13 қызметкері және 3 бірлік техника, 2 мотопомпа жұмылдырылды. Қаланы судан құрғату қызметтері сала мамандары тарапынан әлі де жалғаса береді.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз