200902154031283a3690011i

Теріс діни ағым өкілдері шетелдіктен ақша бопсалаған

Дін Жаңалықтар Құқық

Atr.kz/3 қыркүйек, 2020 жыл. Атырауда шетел азаматынан 500 мың теңге бопсалаған теріс діни ағым өкілдері ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, қаланың екі тұрғыны 24 тамызда Өзбекстан Республикасының азаматына күш қолданып, 500 мың теңге ақша талап еткен.

  • «Шетел азаматы күш көрсетушілердің қолынан босап шыққан бойда полиция қызметкерлеріне арызданған. Полицейлер Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлерімен бірлесе жүргізген жедел-іздестіру шарасы кезінде Атырау қаласының 37 және Жылыой ауданының 41 жастағы тұрғынын ұстады. Олардан айғақзат ретінде Өзбекстанның 44 жастағы азаматынан бопсалап алған ақша тәркіленді. Ұсталғандардың бірі – бұрын бірнеше рет сотталған Жылыой ауданының тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал екінші күдікті үйқамаққа алынды», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір ұсталған екеуге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің «бопсалау» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Алғашқы тергеу барысында екі күдіктінің деструктивті діни ағымды ұстанушылар екені анықталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған