Тәжтажалға – ТОСҚАУЫЛ!

ptichiy gripp COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/20 қазан, 2020 жыл. Әлеуметтік желілерде жаңбырда медициналық маска тағу қауіпті деген хабарлама таралуда.

Бетперде тиімділігі төмендейді

Пайдаланушылар бетпердені ылғалды күн райында қолдану ережелерін түсіндірген Букингем университетінің профес-соры және онкология саласындағы маман Кэрол Сикорға жүгінеді.Stopfake.kz анықтағандай, Кэрол Сикора бұл тақырыпты шынымен қозғаған. Бірақ ол маска тағудың әлеуетті қаупі туралы емес, бетпердені дұрыс пайдалану жолдары жайлы айтқан. Оның сөзіне қарағанда, дымқыл бетперделер өзінің тиімділігін жоғалтады, себебі су қалыпты ауа ағынына кедергі жасайды.

– Маскаларды жиі ауыстырып отыру керек, әсіресе дымқыл болғанда. Бұл қымбат маскаларға да қатысты, – дейді Кэрол Сикора.

Сондай-ақ, қорғаныс маскасын кірлегенде, ішіне қолыңыз тиіп кеткенде ауыстырып, тамақтанған кезде шешіп тастау керек. Егер көп уақыт үйден тыс жүрсеңіз және медициналық ма-ска тақсаңыз, оны әр 2-3 сағат сайын ауыстырыңыз.Қорытынды: жаңбырлы күні бетперде тағу қауіпті емес, бірақ оның тиімділігі төмендейді.

Талдау нені көрсетті?

Қазақстанда алғаш рет коронавирустан қайтыс болғандардың денесіне талдау жүргізілді, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

«Алматы облысында мамандар 65 адамның мәйітін тексеріп, қандай жағдайда ауру өлімге әкелуі мүмкін екенін анықтауға тырысты. Барлық жағдайларда өлімнің себебі респираторлық стресс синдромы екені белгілі болды. Қайтыс болғандардың 61 проценті қосалқы ауруы бар адам-дар», – деп жазылған телеарна сайтында.

Мамандар COVID-19 жұқтырғаннан кейін қайтыс болған алматылықтардың жиі кездесетін қосалқы аурулары артериялық гипертензия және қант диабеті болғанын айтты.Қайтыс болған 65 науқастың 41-і ер адам болса, 24-і әйелдер. Ең жас қайтыс болған адам 32 жаста, ал ең үлкені 92-де. Барлық науқастарда COVID-19 белгілері бар пневмония анықталды. Науқастар «өкпені жасанды желдетуге мұқтаж болды» дейді мамандар.

Коменданттық сағат енгізілді

Франция желтоқсанға дейін коменданттық сағат енгізеді. Режимді бұзғандар айыппұл төлейді. Ел билігінің хабарлауынша, мемлекетте COVID-19 жұқтырғандар санының өсуі байқалуда: 100 мың адамға шаққанда 180 адам індет жұқтырған. Бүгінде реанимация бөлімшелерінде 1539 орын бар, ал төсек қорының жалпы саны 5000 орын-ды құрайды. Коменданттық сағат 17 қазан мен 1 желтоқсан аралығында кешкі 21-ден таңғы 6-ға дейін енгізіледі. Режимді бұзушыларға қомақты көлемде айыппұл салынады.

Saqbol мобильді қосымшасы

 Бұл мобильді қосымшаны әрбір адам өзінің ұялы телефонына жүктей алады.COVID-19 мәселесін реттеу шеңберінде ПТР-тест нәтижелерінің бірыңғай базасы құрылды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

«Қазіргі уақытта 95% жеке зертханалар-мен интеграция жүргізілді. Вирустың та-ралуын бақылауға мүмкіндік беретін Saqbol мобильді қосымшасы жасалды. Қосымшаның жұмысы сол, қосымшаны орналастырған басқа құрылғылармен контактілерді жасырын түрде іздеуге бағытталған», – деді министр.

Бұл мобильді қосымшаны әрбір адам өзінің ұялы телефонына жүктей алады және оны қолдану арқылы өзін коронавирустан сақтайды.

«ПТР-тесті оң болған адамдарды осы қосымша арқылы біліп отыруға болады. Мәселен, біздің отырыста отырған адамдардың бірінде вирус анықталып расталса, осы отырыста болған барлық адамдарға анонимді түрде ақпарат жіберіледі. «Сіз вирус жұқтырған адаммен байланыста болдыңыз, сол үшін тест тапсырыңыз» деген хабарлама келіп түседі», – деді министр.

Симптомсыз ауыру белгілері

Ғалымдар адамның өзі де білмей, айқын синдромдарсыз коронавируспен ауырғанын білдіретін белгілерді атады.Ең алдымен, дәрігерлер иіс сезудегі өзгерістер туралы айта-ды. Қанында антиденелері бар кейбір науқастар біраз уақыт бойы иіс сезуде проблема болғанын айтты. Иіс жоғалту коронавирустың ең маңызды белгісі болып саналатыны белгілі. Симптомсыз ауруға шалдыққан адамдарда аздап ентігу байқалады. Олар кейде «ауа жетіспейтінін», «қалыпты дем ала алмайтынын» мәлімдеген.

Тағы бір белгі – іштің ауыруы, өйткені бұл өкпенің төменгі бөліктеріндегі проблема-ларды көрсетуі мүмкін. Өздері жұқтырғанын білмеген науқастарда негізсіз диарея және асқазанның ауыруы байқалды. Коронавируспен ауырған кейбір науқастар бір-екі апта бойы қатты шаршауды сезінгендерін еске түсірді, бірақ бұл жағдайды шамадан тыс күш пен күйзеліске балаған. Дәрігерлер симптомсыз ауыратындар өздерінің әл-ауқатына қарамастан басқаларға жұқтыруға қабілетті екенін атап өтеді, сондықтан маска тағу маңызды, әрі міндетті.

Екінші толқынесік қағып тұр

Жақында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович әлемде COVID-19 вирусының екінші толқыны болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. Маманның пайы-мынша, коронавирустың бірінші толқыны болған елдерде екінші толқын да болуы мүмкін. Ол өз мәлімдемесінде COVID-19 вирусы әлемнің барлық нүктесіне жетпей, оны тоқтату мүмкін емес деген сыңайда пікір айтты. Маманның сөзінше, вирусты жеңу эпидемияға қарсы шаралардың тиімділігіне ғана байланысты.

Коронавирусқа қарсы екпе

Бірнеше аурулар қатарынан болған жағдайда коронавирусқа қарсы екпе қабылдамаған дұрыс, – деп ескертеді иммунолог-дәрігер. Ең қарапайым мы-сал – онкология. Өйткені оның емі иммунодепрессияға алып келеді. Яғни, бір жағынан емделу көрсеткіші бар, ал екінші жағынан керісінше қарсы көрсетілім бар. Сондықтан екпеге қатысты осы типтес барлық мәселені емдеуші дәрігер шешуі тиіс.

Сонымен қатар дәрігер қабыну, аутоиммунды аурулар, қызыл лупус және жүйелі қан аурулары сияқты ауруларды COVID-19 вакцинациясына абсолютті қарсы көрсетілім деп санай-ды. Иммунодепрессанттар – иммунитетті жасанды түрде төмендететін препараттар. Олар ең алдымен бүйрек, жүрек, бауыр, өкпе, сүйек кемігі сияқты ор-гандар мен тіндерді трансплантациялауда, сондай-ақ аутоиммунды ауруларды емдеуде қолданылады.

Карантин шаралары күшейтілді

Өткен аптада Нұр-Сұлтан қаласында карантин шаралары күшейді. Індет жұқтыру қаупі жоғарылап, науқастар саны артқан соң, осындай шешім қабылданып отыр, – деді қалалық штабтың өкілдері. Атап айтқанда, елордада жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен квазимемлекеттік секторлардағы қызметкерлердің 60 пайызы қашықтан жұмыс режиміне ауысты. Бұл жеке ұйым жұмысшыларына да қатысты. Нотариустар, туроператорлар, сот орындаушылары мен өзге де кеңселер тек кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Қоғамдық тамақтану орындары түнгі 22:00-ге дейін ғана ашық болады. Және ондағы адам саны 30 орыннан аспауы шарт.

Мобильдік топтаріске кірісті

Атырау қаласы аумағында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында құрылған 18 мобильдік топ мүшелері Атырау қаласы бойынша рейдке шықты. Шара барысын-да жасырын жұмыс істеп, тұтынушыларға қызмет көрсетіп тұрған 2 компьютерлік клуб анықталды.

Сонымен қатар монша, азық-түлік дүкендерінде, қоғамдық тамақтану орындарында санитарлық режимді сақтамау, сағат 22.00 ден кейін (шектеу уақыты) жұмыс жасау фактілері анықталды. Соған байланысты санитарлық талапты орындамаған жауапты тұлғалардан түсініктеме алынып, заң жүзінде шарасын алу үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Аудандарда

Махамбет. Рейдтік тексеру барысында ау-дан орталығындағы «Берекет» мейрамхансында ұлықсат етілмеген шара өткізілгені анықталды. Жеке кәсіпкерден және шара ұйымдастырушыдан түсініктеме алынды. Жылыой ауданы бойынша екі отбасылық шара анықталды. Жергілікті полиция бөлімі қызметкерлерімен карантиндік талаптарды орындамаған жеке және заңды тұлғалардан түсініктеме алынды.

Мақат ауданы бойынша үш той, бір отбасылық шара рұқсатсыз ұйымдастырылған. Рейд қорытындысы бойынша заң жүзінде тәртіптік шара қолданылатын болады. Құрамына құзырлы орын өкілдері енген арнайы рейдтік топтар жұмысы одан әрі жалғасуда.

Дайындаған Нұрым ЕРҒАЛИЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз