Танымал ұстаз Раиса Рахымжанқызы өмірден өтті…

img 20210518 wa0074 Жаңалықтар

Қадірлі Аида Ғалымқызы, қазір ғана қаралы хабарды естіп, жанымыз күйзелді.

Ардақты анаңыз, танымал педагог Раиса Рахымжанқызының өмірден өтуі біздің де қабырғамызды қайыстырды. Өскелең ұрпақ тәрбиесіне саналы өмірін арнаған аяулы жан ретінде Анаңыз халық ағарту саласындағы бірегей қайраткерлердің бірі еді. Раиса апаның тәлімі мен тәрбиесін көрген жүздеген шәкірттері тәуелсіз Қазақ елінің дамуына өзіндік үлесін қосып жүр.
Қазақта «Артында бар оңалар» деген сөз бар. Шүкір, соңында Сіздердей ұрпағы, саналы шәкірттері бар Ұстаз, қадірлі жанның өнегелі өмір жолы ешқашан ұмытылмақ емес.

Қайғыңызға ортақпыз. Сізге және туған-туыстарыңызға қазаның арты қайырлы болуын тілейміз. Бекем болыңыз!

«Аtyray’» облыстық қоғамдық-саяси газеті редакциясы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз