ТАЛАП ТӨМЕН БЕ, ТӘРТІП ОСАЛ МА? Екі базар – екі түрлі жағдай…

whatsapp image 2020 08 17 at 22.33.23 1 Жаңалықтар

Atr.kz/18 тамыз, 2020 жыл. Кеше өңірімізде ка­рантин талаптары жеңілдетіліп, бірқатар кәсіптік нысандардың жұмысы қайта жан­данды. Құдды бір тіршілік иесі ала­пат дауылдан кейін қайта жанданғандай, қалада қызу қарбалас басталды. Ірі сау­да орындары ғимарат ішін жарықтандырса, кафе-мейрамхана қызметкерлері есік- терезесін айнадай етіп сүртіп, тазалап, мейман­дар қабылдауға әзірленіп жатыр. Бизнес иелері «жұмысымызды бастаймыз» деп қуанулы.

Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, тұрғындар легі көп жи­налатын нысандар енді барлық қойылған та­лаптарды қатаң сақтап, тиісті шаралардың жіті орындалуын үнемі қадағалаулары қажет. Базарлар ашылар­дан бірер күн бұрын біз осы сауда нүктелерінің жұртшылықты қабылдауға қаншалықты дайын екендіктерін көріп қайттық.

«Дина» базары ашылды, бірақ…

Алдымен бас тірегеніміз, облыс орталығындағы ең ірі сауда орны саналатын «Дина» әмбебап сауда орталығы болды. Атшаптырым жерді иемденіп, кеңінен көсіліп жатқан алып базарда адамдар көп екен. Жабық сауда ғимараттары жұмыс жасамаса да, ашық аспан астындағы сауда-саттық қызу жүруде. Базар ішіндегі адамдардың бірқатары ыдыс-аяқ саудаласа, енді бірі киім-кешек бөлімдерін аралау-да. Баласын жетектеген ана мектеп құралдарының биылғы нарқын біліп жатса, жетекке ер­ген бүлдіршін көрші сөрелердегі сан түрлі ойыншықтарға телміре қарайды. Базардың азық-түлік, көкөніс сататын бөліктерінде адамның да, қатарласа қойылған көліктің де қарасы мол көрінді.

Осы жағдайларға көз жүгіртіп, санитариялық шаралардың жүргізілу барысын сырттай бақыладық. Дегенмен, біз базар қызметкерлері мен сатушылардың төңірек тазалығына жаппай ден қойып, дезинфекциялау ша­раларын жүргізіп жатқанын көрмедік. Тек, ішінара кейбір сауда нүкте сатушылары өздеріне тиесілі орындарын қарапайым сулы шүберекпен сүртіп алу­да. Ал, жабық ғимараттан тек перде сататын бөлігінде ғана есік-терезелерді залалсыздан­дыру қосылғышын (гипохлорид 1 пайыздық) пайдалану арқылы тазалық жұмыстарын жүргізіп жүрген базар тазалықшыларын кездестірдік.

Дегенмен, сауда сөрелерінің көпшілігінде «Бетперде киюді ұмытпаңыз!», «Антисептик», «Мына жерден қолыңызды за­ла лсыздандырасыз» деген ескертпе жазулар ілініп, тұсына құтыға құйылған сұйықтық қоса орнатылған. Сатушылардың барлығы бетперде тағынып, келген тұтынушымен арақашықтықты сақтай отырып қызмет көрсетуде. Киім-кишек сататын бөлімдердің барлығында сатушы тұратын жабық контейнер мен сырттан келетін тұтынушы арасын бөлетін арнайы жіп керіліп, оның бойына «Кіруге болмайды» деген ескертпе ілінген. Алайда, аралау барысын­да кейбір сатып алушылардың ол талаптарды орындамай, бөгет жіптің арғы жағына өтіп, өздеріне қажетті заттарды таңдап алып жатқандарын аңғардық.

Тазалық жұмыстарының жүргізілу барысын пысықтайық деп, аталған базардың әкімшілігіне жолығуды ойлағанбыз. Ол басты және кіші әкімшіліктер болып бөлінеді екен. Соңғысындағылар «Базарды толықтай ашу мақсатында қандай дайындықтарыңыз бар?» деген сұрағымызға жауап бермей, қашқақтады. Ал, бас әкімшіліктің қызметкерлері сенбі, жексенбі күндері жұмысқа шықпайтын болып шықты. Тағы бір шағын әкімшілікке барғанымызда, ол орында отырған әкімгер біздің өтінішімізді қанағаттандыра ал­мады. Біз олардың күнделікті қызметіне қатысты қарапайым сұрақтарға жауап беруге неліктен тартыншақтайтынын түсінбедік. Осылайша, базар дайындығына байланысты жұмыстарды біле ал­май, келесі нысанға бет түзедік.

Тазалық – денсаулық кепілі

Авангард шағынауданындағы «Көктем» сауда орталығы бізге бір көргеннен жылы әсер қалдырды. Айналасы тап-таза. Сыртқы аула­да көкөніс, бау-бақша өнімдерін сатушылар бір жіптің бойына тізген моншақтай орналасқан. Әр сатушы қолына қорғаныш қолғабын киіп, бетперде тағып алпты. Әр сауда сөрелерінің жа­нында тұтынушыларға арналған антисептик орнатылған. Өнім са­тып алушылар мініп келген жеңіл көліктерін де арнайы бөлінген орынға рет-ретімен қойып жатыр.

Жан-жаққа бағдарлай қарап жүріп, жабық ғимараттың алдындағы қарбаласқа көңіліміз ауды. Жақындап барғанымызда байқадық, базар қызметкерлері ғ и ма р ат т ы ң к і р е р ау з ы н а орнатылған «дизенфекциялық өткел» қондырғысының жұмыс істеу жайын тексеруде екен.

Мұндағы жағдай шыны­мен өзгеше көрінді. Әкімшілік бөлмесінде төрт-бес қызметкер «демалыс күні» екендігіне қарамастан қызмет орындарын­да отыр. Барлығы да қайта ашы­латын сауда орнының қамымен шапқылап жүр. Келген себебімізді түсіндіргенде «Көктем» сауда орталығының әкімгері Гүлназ Жанпейісова базарды ашу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды айтып берді.

  • – Жабық ғимараттарымыздың қайта жандануына дайындық жұмыстарын жүргіздік. Қазіргі таңда барлық сауда нүктелері де­зинфекцияланды. Әр қабаттағы сауда нүктелері санитарлық талаптарға сай келеді. Әр бұрылыс пен сауда бөліктеріне кірер жер­де тұтынушылар пайдалануға ы ң ғ а й л ы а н т и с е п т и к т е р орналасқан. Банкомат, терминал тәрізді адам көп шоғырланатын жерлерге ара-қашықтық сақтау белгілері орнатылды. Сондай-ақ, сауда үйінде бетпердені шешпеу және арақашықтықты сақтау талап­тары туралы ескертпелер барлық бағандарға, есіктерге ілінді, – деді әкімшілік өкілі.

Иә, біз аралаған сауда орындарындағы дайындық жағдайы осындай болды. Өздеріңіз байқағандай, екі базардың ахуалы екі түрлі. Қойылған талапқа сәйкес әрекет етулері де әрқалай. Сақтық шарала­рын ұстанудың ар жағында жұртшылықтың мүддесі, халықтың ауру-сырқаудан аман болуы тұрған жоқ па? Ендеше, қойылған талапқа бұлайша бейжай қарау маңызды. Бүгінгі күн де осы талапты қойып отыр.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз