Сушидан уланған жылыойлықтардың қазіргі жағдайы белгілі болды

sushi big Жаңалықтар

«Бүгін 28 желтоқсанда Жылыой аудандық ауруханасында тамақтан улану шағымымен түскен 21 тұрғын ем алуда, –  деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

«Жылыой аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне  27-28 желтоқсан аралығында тағамдық токсикоинфекциясы диагнозы бойынша 29 науқас келіп қаралды. Оның ішінде стационарға жатудан бас тартқан науқастар саны – 4, үйіне амбулаторлы ем алуға жіберілген науқастар саны – 4, стационарға жатқызылған науқастар саны – 21.

Тұрғын дардың шағымы бойынша барлығы 24 желтоқсан күні «Три самурая» кафесінен суши алып тамақтанған. Қазіргі таңда 21 науқас жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылып, тиісті ем-шаралар қабылдауда»,- деді Жылыой аудандық орталық ауруханасының директоры Нұрбек Үкібаев.

Ауруханаға жүгінген тұрғындардың бәрінде іш өту, жоғары температура, жүрек айнуы, құсу және жалпы әлсіздік улану белгілері байқалған.

Айта кетейік, ауруханаға жатқызылған адамдардың жағдайы «орташа ауыр» деп бағаланады. Қазір осы факті бойынша құқық қорғау органдары мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары тексеру жүргізіп жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз