Шаруа қожалықтарында шөп өртеніп жатыр… (+ФОТО)

img 20201001 1705271 scaled Жаңалықтар

Atr.kz/9 қазан, 2020 жыл. Облыста шаруагерлердің шөбі өртенуде. Биыл қыркүйек айының өзінде осындай бес дерек тіркелді. Бұл туралы облыстық төтенше жағдалар департаменті баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады.

Жылыой ауданы Шоқпартоғай ауылының «Манас» шаруа қожалығында 28 шөп орамы жанып кеткен. Құрманғазы ауданының Жапырық ауылында жеке тұрғын үйдің ауласында – 6, Байда ауылдық округі «Батпақ көпір» учаскесіндегі «Төреғалиева» шаруа қожалығында 1200 шөп орамы өртке оранды. Сондай-ақ, Индер ауданы Есбол ауылдық округіне қарасты «Амандос» шаруа қожалығында 50 шөп орамының және Қызылқоға ауданы Жантерек ауылы №57 үйдің ауласында 18 шөп орамының жану  деректері орын алған.

Мамандардың айтуынша, «тілсіз жау» шабылған шөп орамдарын арнайы техникалармен жинау барысында өрт қауіпсіздігі ережелеріне салғырттық танытудан туындауы мүмкін. Ауылшаруашылық агрегаттарының құбырларындағы тұтану жүйесіндегі ұшқындардан немесе агрегаттардың тораптарында жиналған сабандардың жанасуынан  да өрт орын алуы ықтимал.

–Мәселенің алдын алу үшін мал азығын дайындауда жұмысшылар өрт қауіпсіздігі шаралары мен өрт кезіндегі іс-әрекеттер туралы нұсқаулықтан міндетті түрде өтуі қажет. Сақтау аумағы құрғақ шөптен және қоқыстардан тазартылып, найзағайдан қорғайтын құрылғымен де жабдықталуы тиіс. Шөп орамдарын тасымалдау кезінде әуе электр желілерімен жанаспас үшін, автокөліктің  биіктігінен асыра тиеуге болмайды, – деді аталған департаменттің зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Ж.Тілеуғалиев.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

img 20201001 1705171
img 20201001 1705271 1
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз