«Шаңырақтың» балаларына шаттық сыйлады 

6b627664 f275 43c9 8c11 716883b6f9ef Жаңалықтар

Балаларға қамқорлық әркез назардан түспеуі керек. Әсіресе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көңіл бөліп, олардың қоғамға еркін бейімделуі үшін негізгі алғышарттарды ескеруіміз керек.

​Он жылдам астам уақыттан бері білім беру, әлеуметтік, экологиялық және қайырымдылық жобаларды іске асырып келетін «Yntymak Atyrau» ұйымының еріктілері қала күніне орайластырып «Шаңырақ» отбасылық балалар ауылына барып, көңілдерін аулап, бірге ойнады.

34520e7d 4451 4658 995a 68cbd2ef2253

​Балалар ауылына жылына бірнеше рет келуді дәстүрге айналдырған еріктілер бұл жолы да сый-сияпаттарын ұсынып, ойынға арналған құрал-жабдықтарын ала келіпті.

​«Yntymak Atyrau» еріктілер ұйымының директоры Майя Шатенованың айтуынша, қайырымдылыққа облыстағы ең ірі мұнай компаниясы – «Теңізшевройл» ЖШС қолдау көрсетіп келеді.

​– «Теңізшевройл» мекемесінің еріктілерінің көпшілігі жергілікті мамандар емес. Сондықтан оларды атыраулық балалармен таныстырып, әртүрлі шаралар ұйымдастырып, бастарын біріктіруге жұмыстанамыз.  Оларға қоғамның назарын аударуымыз керек. Оған қоса оларды бір кәсіпке баулып, өмірлік бағдарын анықтауға ұйытқы болып келеміз.

3af8a68d 8751 4d38 a972 8014c047c2b4

​Ұйым мүшелері еріктіліктің бірнеше бағыты бойынша жұмыс жасайды. Атап айтқанда, ағаш отырғызып, мұқтаждарға көмек қолын созып, қоршаған ортаның тазалығына да атсалысамыз. Осыдан бірнеше жыл бұрын топ еріктілері қайраңға шығып қалған он мыңдай балық шабағын құтқарған болатын.

​Біз балалармен кездесулерді науқандық шара қылып алмай, әркез байланыста болуымыз керек. Белгілі бір мейрамды күтпей-ақ, балалармен уақыт өткізіп, көңілдерін көтереміз. Айталық, жасөспірімдер үйіндегі ересек балаларға жұмысқа қалай орналасу, түйіндемені қалай дайындау керектігін, шетелге оқуға қалай тапсыру туралы, іс-тәжірибеден өтулеріне дейін үйретеміз. «Қаражат жоқ» деп қарап отырмай қарапайым секіргіш (скакалка), доппен болса да ойнап, көңілдерін көтеруге тырысамыз, – деді Майя Мақсотқызы.

4f7f9a97 34ff 4e6b 92e3 f2cb6885f01a

​Сонымен қатар, ұйым еріктілері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ағылшын тілінде сөйлейтін адамдармен курстар ұйымдастырып, қаражат жинап, қажетті заттарын табыстап, атаулы мерекелерде құттықтау арқылы оларды тұрақты қолдап тұрады. Сондай-ақ, балаларға қайырымдылық көмек қана көрсетпей, оларға өздерінің жолдарын тауып, өмірлеріне пайдалы болар дүниелерге машықтандыруға тырысады. ​Тіпті отбасылық құндылықтар тақырыбында әңгіме өрбітіп, қыздар үшін тәтті бәліш жасау секілді шеберлік сағаттарын да өткізіп тұратынын айтады.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

суреттерді түсірген автор

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз