Сарайшықты туристік мекенге айналдыруға мүмкіндік мол

IMG 7138 Жаңалықтар

Мереке ҚҰЛКЕНОВ,

баспагер-жазушы, 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

IMG_7138

– Сарайшық мәселесі ғалым Әлкей Марғұланның кезеңінен қозғалып келеді. Біздің оны көтеріп, жазғанымыз болмаса нақты зерттеліп болған жоқ. Кейде тіпті, «кешігіп қалдық па?» деп те қорқамыз. Себебі, Жайық өзені қаланың біраз бөлігін шайып кетті. Енді оны ретке келтірмесе, көне шаһардан айырылып қалуымыз мүмкін. Бүгінгі таңда оған қаражат табылып, қалпына келтіру шаралары жүзеге асуда. Бірақ, жылдан-жылға құнды деректер азайып барады. Ал, нақты фактілер аз болған жерде болжам көбейеді.

Тарихи қала облыс орталығына жақын орналасқан. Яғни, өңірге келген мәртебелі меймандар, саяхатшылар еш қиындықсыз жете алады. Келешекте электр пойыздары қатынаса, тіптен қолайлы. Туристік жағынан өркендетемін деушілер болса, біздің елдің мүмкіндігі мол. Сарайшықты республика ауқымында ғана емес, ЮНЕСКО деңгейінде көтеруге жұмыстанып жатқан азаматтардың ісін мен де қолдаймын. Сарайшық, шынымен де, жұрт таңдай қағатын көздің «құрты» болуы тиіс.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз