САЙЛАУҒА – СЕРГЕК КӨЗҚАРАС

Аймақтық коммуникациялар қызметі орталығында өткен брифингте бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездескен облыстық адвокаттар алқасының төрайымы Айсұлу Омарова еліміздің «Сайлау туралы» Заңын кеңінен түсіндірді.

– Кезектен тыс Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын өткізу – еліміз үшін өте жауапты науқан. 18 жасқа толған жастардан бастап, әрбір азамат бұл науқанға қатысуға құқылы. Әркім өзінің таңдауын жасап, дауыс беру арқылы, жарқын болашаққа жол ашады, – деді Айсұлу Қайырқызы.

Сайлаудың заңдылықтарын түсіндіру мақсатында облыстық адвокаттар алқасы тарапынан бүгінгі таңда үш құрылым жұмыс істеп тұр. «Әр құрылымда үш заңгер қызмет етеді. Атырау қаласында ірі компаниялар мен жоғары оқу орындарында кездесулер ұйымдастырып, заңдылықтарды түсіндірудеміз. Халық саяси науқанға бір кісідей атсалысса, ұтымды нәтиже болары анық. Біздің басты мақсатымыз да осы» деді А.Омарова.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз