Қызылқоғада балықтардың неден өлгені зерттеліп жатыр

093610673200 Жаңалықтар

«Бүгін, яғни, 10 маусымда Қызылқоға ауданы Сағыз ауылынан екі шақырым жерде балық өлу дерегі тіркелді» деп хабарлайды Atr.kz


Бұл туралы Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев айтты.
Нақтырақ айтқанда, өлі балықтар Ноғайты өзенінің Сағыз өзеніне құятын тұсынан табылып отыр. Бұл шамамен 100 метр аумақты құрайды. Балық өлекселеріне қарап майда шабақтар екенін көруге болады.


– Қазір жинап алынған балықтардан құзырлы органдар арқылы тиісті сынамалар алынуда, – дейді ол.

– Атап айтқанда, өлген балықтар мен судың сынамасы облыстық ветеринарлық зертханаға тапсырылған. Зертханалық тексеру қорытындысы осы аптада дайын болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз