Қош бол, менің мектебім!

200601074608430e 1 Білім

Аtr.kz/5 маусым, 2020 жыл. Өскелең ұрпақтың бойындағы дарыны мен қабілетін дамытып, оларды Тәуелсіз Қазақстанның кемел азаматы етіп қалыптастыруда үлкен еңбек сіңіріп жүрген ұлттық гимназияда өткен түлектердің алтын ұя мектеппен қоштасу жиынына асыға жеткенбіз.

Ұлттық орда ауласын «Мектебім» әнінің жан тербетер әуені кернеп тұр. Карантин талаптарына сәйкес, адамдар араларының алшақтығы сақталып, қатысушылардың бәрі бетперде киген. Биыл мектеп бітіруші 11 сынып оқушылары гимназияның кіреберісінде екіге жарылып, сап түзеген. Ту көтеру рәсімі ұлттық гимназияның «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлеріне тапсырылды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні әуелеген кезде оң қолдарын жүрек тұсына апарған салтанатқа қатысушылардың жүздерінен Отанға деген сүйіспеншілік айқын аңғарылғандай.

 Түлектерді және ата-аналар мен ұстаздарды құттықтау үшін ортаға Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия дирек­торы Нұрлыбек Даумов шақырылды.

– Бүгін – біздің ұлттық гимназия үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан Республикасы үшін ерекше күн. Күні кеше қазақ поэзиясының өрен жүйрігі Мұқағали жырлағандай: «та­рыдай болып келіп, таудай болып шыққан» шәкірттеріміз өмір жолына жолдама алғалы тұр. Кеше ғана көз алды­мызда жүрген, өзіміз әрбір қадамдарына тілеулестікпен көз тіккен оқушыларымыз ұстаздар мен ата-аналардың алақанынан өмір кеңістігіне қанат қағып, самғағалы тұр. Бүгінгі түлектер – біздің 29- шы түлектеріміз. Міне, ұлттық гимназияның өз түлектеріне сәт сапар тілеген 29-шы көктемін қарсы алдық.

 Иә, әр жылдағы түлектер ұстаздардың есінде өздеріне тән ерекше л і к т ерімен қалады. Биылғы түлектеріміз ойламаған жерден келген сын сағатқа төтеп беріп, қашықтан оқыту технологиясын жыл­дам, оңай меңгерді. Өздерінің IT сыныптарындағы алған дәрістерінің нәтижесінде ин­форматика мен робототехника және басқа да инновациялық ғылыми технологияны жақсы меңгергендерін көрсетті. Қашықтан оқыту кезінде болған олимпиадада жеңімпаз атанды. Қазіргі таңда 35 түлек грант иегері атанды. Төрт «Ал­тын белгі», алты үздік аттестат иегері бар. Жалпы 47 түлек мектеп бітіріп, кәмелеттік аттестатты қолдарына алғалы тұр. «Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар, қалан!» деп ұлы Абай айтқандай, әрқайсыңыз жүректеріңіз қалаған мамандық иесі,

 Отанымыздың мақтанышы болуларыңызға тілектеспін.

Биыл Ұлы Абайдың д ү н и е г е к е л г е н і н е – 175 жыл! Мемлекеттік Гимн авторларының бірі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қошалақтан шыққан ұлы ақын Жұмекен Нәжімеденовтың туғанына – 85 жыл! Осындай тарихи сәтте қолдарыңызға кәмелеттік аттестат алдыңыздар! Сәт сапар, түлектер!- деді тебірене сөйлеген педагогика ғылымдарының кандидаты, академик, «Құрмет» орденінің иегері Нұрлыбек Ғилажұлы.

Ұстаздар мен түлектерді және ата-аналарды құттықтау үшін Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Мерейлі мекен» журналының бас редакторы Жеңіс Ароновқа сөз берілді.

– Құрметті ұлттық орда басшылығы, педагогикалық ұжымы, түлектер және ата- аналар! Бүгін біз қуанышты сәттің куәсі болып отырмыз. Күтпеген жерден карантиндік

 шектеулерді бастан өткеріп, ұрпағымыз қашықтан білім алу процесін меңгеруде. Осы орайда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа дем берген Жол­даулары мен Үндеуінің рөлі зор болғаны айқын. Әлеуметтік мәселелерді шешуді де қолға алды. Педа­гог мәртебесін айқындайтын заң қабылданып, ұстаздардың жалақысы өсуде. Осының өзі білім саласына де­ген мемлекетіміздің оң көзқарасын көрсетіп отыр. Білім саласына алты есе, ғылымға жеті есе қаржы бөлінетіні де айтылды. Осын­дай сын кезеңде өз білімдеріңді д ә л е л д е п , к ә м е л е т т і к аттестатқа ие болу да бір ғанибет. Баршаңызды айтулы күнмен құттықтаймын, – деді ақын Жеңіс Аронұлы.

Мектеп бітіруші түлектердің ата-аналары атынан құттықтау сөз сөйлеу үшін ортаға Берік Молдашұлы шақырылды.

– Б ү г і н б ә р і м і з д і ң жүрегіміз толқып тұрғаны анық. Өйткені, бауыр етіміз – балаларымыз өмір сапа­рына аттануда. Оларды он бір жыл бойы білім нәрімен сусандатып, жаһандану та­лабына сай тәрбие берген ұстаздарға басымызды иеміз. Балалардың жолы оң болсын! Қазақстанның болашағы үшін еңбек етіп, өз білімдеріңіз бен таланттарыңызды Отанға арнаңыздар! Өздеріңіз қалаған жоғары оқу орнына түсіп, жақсы маман атанғайсыздар. Ұл-қыздарымыздың әрбір та­бысы үшін қуанып, өз өмірлерін балаға білім беруге арнаған ұстаздарға шығармашылық табыс тілейміз. Еңбектеріңіз жана берсін! Қашықтан оқыту кезінде де тынбастан білім беріп, оқушы болашағы үшін уайым шектіңіздер. Сіздерге мың алғыс! – деді Берік Молдашұлы.

Әр шәкіртін өз баласын­дай қамқорлаған ұлағатты ұстаз, түлектердің жанашы­ры, мектеп директорының ғылыми істер жөніндегі о р ы н б а с а р ы А й г ү л Жұмабаева да өз кезегінде ұстаздарды, оқушылар мен ата-аналарды салтанатты сәтпен құттықтады. Мек­теп қабырғасында оқып жүріп, еліміздің жоғары оқу орындарының грантын иелен­ген оқушылар, республикалық, о б лыс тық о л имп и а д а жеңімпаздары марапатталды.

Жүректері лүпіл қаққан, қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман араласқан осы­нау сәтте өмір жолының табалдырығын аттағалы тұрған жас түлек Риза Елеусіноваға сөз кезегі жол­данды.

Соңғы қоңырау…

Бұл ұғым алтын ұя мектептен ұшқалы тұрған түлектердің санасына қимастық сезім ұялатары кәміл. Мектеп бітіруші түлектер алғаш қолдарына гүл шоғын алып, мектеп табалдырығынан аттағалы бері естіген күміс қоңырау үнін сағынышпен еске алатындары сөзсіз. Бүгінгі қоңырау – ерекше. Ол – мек­теппен қоштасатын сәттегі соңғы қоңырау. Ол – балалық шақтан ересек өмір белесіне шақыратын қоңырау. Соңғы қоңырау соғу құрметіне 11-сы­нып оқушылары Жантөре Серікбай мен Аружан Русла­нова ие болды.

Гүлзада РАХМЕТҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз