Қазақстандық өнер жұлдыздары видеоүндеу жасады (+ВИДЕО)

201102160434083e COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/3 қараша, 2020 жыл. Қазақстанның эстрада жұлдыздары ел тұрғындарын карантин талаптарын сақтауға шақырып, үндеу жасауда.

«2020 жыл адамзат үшін қиындыққа, сынаққа толы жыл болды. COVID-19 індетінің ары қарамай тарамауы, оның тоқтауы өз қолымызда. Халық көп жиналған жерден аулақ болып, әрқашан бетперде тағып жүруді ұмытпаңыздар. Барлық қиындықты бірге жеңіп шығамыз», – деді әнші Жұбаныш Жексенұлы.

Ал әнші Бейбіт Көшқалиев коронавирус инфекциясынан аман-сау болу үшін адамдар көп жиналатын жерде сақтық шараларын ұмытпай, маска тағып жүру керектігін ескертеді.

«Бетперде тағуды ұмытпаңыз. Бетперде өзіңізді және отбасыңызды құтқарудың ең қарапайым тәсілі. Сіздерге, жақындарыңызға зор денсаулық, мол бақыт тілеймін. Аман-сау болыңыздар», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші әрі музыкант Игорь Благодарный.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз