img 20200124 wa0049

Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы алғашқы кеңсе Атыраудан ашылды

Жаңалықтар Құқық

Atr.kz/27 қаңтар, 2020 жыл. Аталмыш кеңсе  – өткен  жылы еліміздегі  жемқорлық деңгейі жоғары университеттер арасында (“Jas Otan” нұсқасы б/ша)  2-ші орын алған С.Өтебаев атындағы Атырау  мұнай және газ университетінің жанынан құрылды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық штабтың басшысы Олжас Сүлейменнің айтуынша,  мұндай кеңсе – Қазақстанда бұрын-соңды болмаған. Бұл облыс үшін үлкен жетістік. 

– Осы үшінде Атырау мұнай және газ университетіне алғысымызды білдіреміз.  Өйткені, кеңсе дәл осы білім ордасында орналасқан. Біз алдағы уақытта барлық жұмыстарды облыс көлемінде атқаратын боламыз.  Басты міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты мемлекеттік органдар мен  жастарға насихаттау, халық арасында мәдени тұтастықты қалыптастыру.  Штаб құрамына өңірдің қоғамдық пікір көшбасшылары,  блогерлер мен аймақ ақсақалдары кіреді, – дейді Олжас Сүлеймен. 

Жиында алғаш болып сөз алған облыс әкімінің орынбасары Айбек Крамбаевтың айтуынша, «Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсесі – облыс әкімдігі мен  сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арасында жасалған келісім негізінде ашылған.  Мұнда азаматтарға қолайлы жағдайлар жасалып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде.

 –  “Transparency International” халықаралық ұйымының мәліметіне сәйкес,  сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі рейтингісінде Қазақстан – 2019 жылдың аяғында 180 елдің ішінде 113 орынға және Орталық Азия елдері арасында 1 орынға ие болған.  2018 жылы  124-ші  орынды иеленген болатынбыз. Тоғыз позицияға жоғары көтерілуіміз – бір  жыл ішінде атқарылған жұмыстардың нәтижесі, – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департамент басшысының орынбасары Бауыржан Дәулетиярұлы. 

Арнайы мониторингтік топ пен «Атырау-Адалдық алаңы » жобалық кеңсесі жұмысының нәтижесіне бағытталған шара барысында  С.Өтебаев атындағы Мұнай және газ университетінің ректоры Гүлзада Шакуликова жиынның маңыздылығын атап өтті. – Сыбайлас жемқорлық –   қоғамдық өзгерістердің жүзеге асуына кедергі келтіріп,  адамдардың заңға және әділдіктің барына сенімін  жоғалтады.

Ал, университетіміздің  сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейімен рейтингке енуі  алаңдаушылық тудыруда. Сондықтан, біздегі басты міндет – жемқорлық жағдайын туындатпауға жағдай жасау.  Кеңсенің Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен   университетімізде ашылғандығын бізге артылған сенім деп қабылдаймыз, – деді ол.  

Штабтың республикалық деңгейдегі мүшелері: Ермек Тұрсынов – белгілі режиссер, жазушы;  Ырза Тұрсынзада – этно-дизайнер, қоғам қайраткері;  Ирина Смирнова – Мәжіліс депутаты;  Батталова Зауреш – «Қазақстандағы парламентаризм қоры» басқармасының төрағасы. Ал, облыстық штаб мүшелері:  Олжас Сүлеймен – AтМГУ проректоры, Қанат Әуесбай  – «Қазақстан-Атырау» РТРК директоры және   блогерлер. 

img 20200124 wa0047
img 20200124 wa0052

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған