Қазақстанда пиязды экспорттауға тыйым салынды

como conservar cebollas Жаңалықтар

Биыл 28 қаңтардан бастап Қазақстаннан пиязды экспорттауға тыйым салу туралы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы күшіне енді.

«Үш ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан пиязды әкетуге тыйым салу енгізілсін», – делінген құжатта.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға хабарлау тапсырылды.

17 қаңтарда Ауыл шаруашылығы министрлігі сыртқы сауда саясаты және экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстаннан пияздың жаппай экспортына жол бермеу және оның бағасын тұрақтандыру үшін үш ай мерзімге пияз экспортына тыйым салу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз