Қазақстанда пайызсыз ипотеканы қалай алуға болатыны белгілі болды

q Жаңалықтар

«Al Hilal» банкі сияқты қаржы ұйымдарынан процентсіз ипотека рәсімдеуге болады.

Осы банктің ресми сайтында исламдық ипотеканың бір түрі ғана көрсетілген. Ол – «Мурабаха» ипотекасы. Оның шарттарына сәйкес, банк пәтерді өзі сатып алады. Сосын оны үстеме бағамен сатады. Ипотека алған адам үйдің бағасын да, банктің үстеме бағасын да біліп отырады. Ал ай сайынғы жарналар барлық мерзімге тең бөлінеді. Бірақ ипотеканың мерзімі ұзарған сайын банктің үстеме бағасы да өседі.

Мысалы, 16 миллион теңгенің пәтерін алу үшін алдымен 30 процент, яғни 4,8 миллион көлемінде алғашқы жарна құю қажет. Ипотеканың мерзімі үш жыл болса, банктің үстеме бағасы 2 424 116 теңге болады. Ал ай сайынғы төлем 378 448 теңгені құрайды. 15 жылға рәсімделген «Мурабаханың» үстеме бағасы 12 миллионға дейін барып қалады.

«Al Hilal» банкі бұл ипотеканы тек төрт қалада ғана рәсімдейді. Олар – Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент пен Түркістан. Салық пен зейнетақы аударымдарын шегергеннен кейін жалақының көлемі, кем дегенде, 200 мың теңге болуы шарт.

Өтінішті қарау үшін комиссия алынбайды. Ал келісімді рәсімдегені үшін ақы алынады. Оның көлемі – қаржыландыру сомасының 0,5 проценті. Бірақ ол 300 мың теңгеден аспауы тиіс.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз