Атырауда коронавирустан жазылғандар саны 72 пайызға жетті (+ВИДЕО)

200805100955667a3679942i COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/5 тамыз, 2020 жыл. Қазіргі уақытта Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың 72 пайызы емделіп шыққан. Яғни, КВИ сырқатымен тіркелген 10​ 383 науқастың бүгінде ​ 7458-і құлан таза сауығып шыққан, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

https://www.facebook.com/atyraunews/videos/716563465866741/

«Бірақ, бұл нәтижеге босаңсуға болмайды. «Екінші толқынға» дайындықты күшейтуіміз керек. Дәрі-дәрмек, басқа да ұйымдастыру шараларын қабылдауымыз қажет. ​ Онымен бірге ауруханалардағы жоспарлы емдеуді үш-төрт күнде бастаймыз. Тек қана коронавирус емес, басқа да есепте тұратын науқастар күнделікті емін алуы тиіс»,- деді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.

rprp 1

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы – 331

Алматы қаласы – 50

Шымкент қаласы – 43

Ақмола облысы – 102

Ақтөбе облысы – 10

Атырау облысы – 46

Шығыс Қазақстан облысы – 836

Жамбыл облысы – 15

Батыс Қазақстан облысы – 51

Қарағанды облысы – 19

Қостанай облысы – 69

Қызылорда облысы – 40

Маңғыстау облысы – 71

Павлодар облысы – 16

Солтүстік Қазақстан облысы – 189

Түркістан облысы – 11

Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 67 031.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз