«Қашағаннан» 50 миллион тонна мұнай өндірілді

03.09.2020 ph Жаңалықтар

Солтүстік Каспий жобасының операторы Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. (NCOC) тағы бір маңызды кезеңге қадам басты.

Компания 2016 жылы Қашаған кен орны қайта іске қосылғаннан бері 50 миллион тонна мұнай өндірісіне қол жеткізгені туралы хабарлайды.

Компания COVID-19 таралуын болдырмау мақсатында қабылданған қауіпсіздік шараларына байланысты, нысандардағы жұмыс күшінің шектеулі санына қарамастан, Қашағанды  игерудің бірінші кезеңі шеңберінде тұрақты әрі сенімді мұнай өндіру барысын және жабдықтардың тұтастығын қамтамасыз етуде.

Мөлдір Махмудаева,

NCOC компаниясының БАҚ-пен қарым-қатынас орнату жөніндегі кеңесшісі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз