ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІКТЕ ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

whatsapp image 2021 07 12 at 09.09.52 1 Жаңалықтар

Атырау қалалық ішкі саясат бөліміне жаңа басшы болып Жанғалиев Әлішер Қамбарұлы тағайындалды, деп хабарлайды, atr.kz.

Басшыны ұжыммен Атырау қаласы әкімінің орынбасары Самат Емберген таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі. Әлішер Жанғалиев 1989 жылы Атырау облысында дүниеге келген.

Ол 2011 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін тәмамдап, құқықтану бакалавры мамандығын алған. Еңбек жолын 2011 жылы Халыққа қызмет көрсету орталығында кеңесші-инспектор ретінде бастаған. Ал, 2013 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Әлішер Қамбарұлы жаңа  лауазымға тағайындалғанға дейін Атырау қаласы әкімі аппараты ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау бөлімі басшысы лауазымында  қызмет атқарған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз