Президент жағдайы төмен азаматтарға жалдамалы пәтер беруді мамыр айынан бастауды жүктеді

20190327122432 Жаңалықтар

Atr.kz/ 27 наурыз, 2019 жыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған әлеуметтік тұрғыдан әділетті ел құру бағытын жалғастыруды міндеттеді.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Құрманғали «Фейсбуктегі» парақшасында мәлім етті.

«Ақордадағы кеңес барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған әлеуметтік тұрғыдан әділетті ел құру бағытын жалғастыруды міндеттеді. Соның ішінде Президент әкімдерге әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар үшін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтерлерді беру мәселесін жеделдетуді және бұл үдерісті биылғы мамыр айынан бастауды жүктеді» делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қ.Тоқаев халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін инфрақұрылымға қатысты жүйелі мәселелерді шұғыл шешудің маңызды екенін атап өтті.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз