Президент көпбалалы отбасыларды қолдау туралы заңға қол қойды

1515586149 7231338b7efa71c4e620a286e821f209 resize w 520 h Жаңалықтар

Atr.kz/5 сәуір, 2019 жыл.  Заң Қазақстандағы мұқтаж отбасыларды қолдаудың жаңа шараларын қарастырады.

Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіретін заңға қол қойғанын хабарлады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестициялар тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мұқтаж отбасыларды қолдау жөніндегі тапсырмасын орындауға бағытталған.  

Атап айтқанда, құжат атаулы әлеуметтік кө­мек көрсету критерийін ең тө­менгі күнкөріс деңгейінің 70 процентіне дейін ұлғайтуды көздейді. Сондай-ақ, тұрмысы төмен отбасылардағы әрбір балаға 20789 теңге (55 доллар) мөлшерінде төлем жасауға шешім қабылданды, мүгедек балалары бар отбасылар үшін жәрдемақы көбейді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз