Отбасылық үлгідегі «Шаңырақ» балалар ауылының директоры уақытша жұмыстан шеттетілді

1200xauto xmltromwucassjlqgcsuy92hyuxsy9vrsensm91o.jpg Жаңалықтар

Атырау облысы білім беру  басқармасы басшысының бұйрығымен отбасылық үлгідегі «Шаңырақ» балалар ауылының директоры Гүлсара Ботатаева тергеу жүргізу кезінде атқаратын қызметінен уақытша шеттетілді, – деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасы.

Балалар үйі тәрбиеленушілерінің өтінішінен кейін ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы («Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу аяқталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталғаннан кейін директордың жұмысын жалғастыру туралы шешім қабылданады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз