2020042710061846763 2020042706235762070 00000000000000000000

Өндірісте өзгеріс көп

Жаңалықтар Экономика

Аtr.kz/28 сәуір, 2020 жыл. Әлем қауіпті індетпен күресіп жатқан шақта отандық кәсіпорындардың қызметі өзекті болуда. Бұл ретте, ембілік мұнайшылар өндірісті тоқтатпай, өнім көлемін жоспарлы түрде жүзеге асырып келеді.

«Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынб а с а р ы Қ а н а т б е к Қасымғалиевтың айтуынша, COVID-2019 панд е м и я с ы м е н к ү р е с жұмыстары аясында өндіріс үдерістерін тоқтатпау және жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық кешенді шаралар қолға алынды. Оның шеңберінде кәсіпорында дағдарыстық жағдайларды басқару және коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында штаб құрылды.

– Өндірістік жиналыстар бейнеконференциялар арқылы өткізілуде. Төтенше жағдай кезінде мердігерлер мен өзге құрылымдар өкілдеріне компания нысандарына кіруге тыйым салынды. Жұмыс орындарында қалған барлық қызметкер жеке сақтандыру құралдарымен толықтай қамтылып отыр. Өндірістегі қ ы з м е т к е р л е р ү ш і н ауысымдық вахтаның мерзімі 14 күннен 28 күнге дейін ұзартылды, – деді сұхбаттасушымыз.

О р т а л ы қ к е ң с е ғ и м а р а т ы н а ж ә н е құрылымдық бөлімшелерге кіре берісте техникалық т е п л о в и з о р л а р д ы ң көмегімен келушілердің дене қызуы тұрақты тексеріледі. Компанияның барлық нысаны, соның ішінде, асханалар мен жатақханалар д е з и н ф е к ц и я л ы қ
сұйықтықпен, тазартқыш құралдармен қамтамасыз етілген. Асханаларда жұмысшылардың топтасуын болдырмау мақсатында қызметкерлердің тамақтану уақыты ұзартылды.

– COVID-19 вирусының белгісі байқалған жағдайда, байланыста болған адамды оқшаулау үшін Ембі кен алаңдарында мұнайшылар қатарынан резервтегі штат құрылды. Инфекция жұқтырған жағдайда сынақтар қорытындысы анықталғанға дейін негізгі құрам жатақханаларда оқшауланады. Оларды резервтегі штат алмастырады. Төтенше жағдай кезінде қызметкерлердің денсаулық жағдайын күнделікті бақылау үшін мердігерлік компанияның «МедикерПМ» ЖШС медициналық қ ы з м е т к е р л е р і н і ң құрамы ұлғайтылды, – деген «Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Қанатбек Қасымғалиев кәсіпорын ұжымының өткен аптада жалпыхалықтық «Bizbirgemiz» акциясына үлес қосқанын атап өтті.

Сондай-ақ, ембіліктер жергілікті тұрғындар арасында COVID-19 вирусының таралу қаупін жою мақсатында Атырау қаласының Береке мөлтекауданындағы тұрғын үйлерде оқшауланған азаматтарға демеушілік көмек көрсетті. Ал, қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмысшылардың басым бөлігі, соның ішінде, әкімшілік құрам қашықтан жұмыс жасау режиміне көшірілді. Жұмыс орнында қызметкерлердің 35,5 пайызы ғана қалып отыр. Кеңселерде және өндірістік ғимараттарда күніне екі рет санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілуде. Жұмысшыларды тасымалдауға арналған көліктер әр рейстен кейін дезинфекцияланады.

Осыдан төрт жыл бұрын Қызылқоға ауданындағы «Қайнармұнайгаз» мұнайгаз өндіру басқармасының Уаз кен орнында интеллектуалды кен алаңы тұжырымдамасы пилотты түрде енгізілген болатын. Ол электр энергиясын қолдануды айтарлықтай үнемдеуге, ұңғымаларды жөндеуге жұмсалатын шығындарды азайтуға, әр ұңғыма бойынша тәулік бойы өндірілетін мұнайды есепке алуға мүмкіндік берді. Сондықтан, өзінің тиімділігін дәлелдеген тәжірибе басқа кен орындарына да таратылды.

Қазіргі таңда «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының 8 кен орны аталған жобаға қосылды. Мұндағы барлық ақпарат онлайн жүйесі арқылы компанияның бас кеңсесінде орналасқан өндірістік үрдісті жедел басқару орталығына түсіп отырады. Яғни, аталған орталық онлайн-режим жүйесі арқылы өндірісті қашықтан басқаруға мүмкіндік береді. Өндіріс ырғағын сырттай бақылап, сол арқылы тиісті шешімдер қабылдануда.

Айбөпе САБЫРОВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған