Нұрсұлтан Назарбаев пен Джеки Чан не жайында сөйлесті

20190428111630 Жаңалықтар

Аtr.kz/28 сәуір, 2019 жыл. ҚР Президентінің телерадио кешені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың танымал актер Джеки Чанмен кездесу туралы видео материалды жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің Қытай Халық Республикасымен барлық бағыттарда үлкен байланыстарымыз бар. Осы жылдардың ішінде бір-бірімізге жақын бола түстік. Төраға Си Цзиньпин 6 жыл бойы жұмыс істеп келеді және мен онымен 20 рет кездестім. Бізде барлық мәселе шешілген және «Бір белдеу, бір жол» бастамасын Қазақстан ең бірінші болып қолдап, барлық қажетті жағдайды жасады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы Қазақстан мен Қытайдың кинематографистері бірлесіп, жұмыс істеп, өнер ұжымдары арасында тығыз байланыс орнағандығын атап өтті. Қытайдың жоғары оқу орындарында қазақ жастары білім алып жатқандығын айтты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз