«Nur Otan»: Ауыл тұрғындарымен кездесу (+ФОТО)

img 20201219 wa0054 Жаңалықтар

Бүгін «Nur Otan» партиясы атынан Атырау облыстық мәслихатына ұсынылған кандидат Сайын Қуанышев Мұқыр ауылдық округіне ат басын бұрып, ауыл ақсақалдары мен көпбалалы аналармен кездесті.

Кандидат ауыл тұрғындарына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, жетекші саяси ұйым ауданды дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындағанын атап өтті. «Көзделген басты мақсат – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын ұдайы жақсарту үшін жағдай жасау» деді ол өз сөзінде.

Кездесу барысында ауыл ақсақалы Отар Ізбасар экологиялық мәселе және Сағыз өзенінің жай-күйі және ауыз су тапшылғы туралы сөз қозғады. Мал шаруашылығын кеңінен өрістетіп отырған өңір үшін аталған су көзінің маңыздылығы айтпаса де түсінікті. Осы ретте ақсақал мәселеге қатысты өзіндік ұсыныс, пікірлерін жолдады.

Ал, Мұқыр дәрігерлік амбулаториясының дәрігері Майжан Сүйеуова сөз алып, «Nur Otan» партиясының сайлауда жеңіске жетіп, халықтың аманатын орындауына тілектестік білдіріп, кандидатқа сәттілік тіледі.  

Өз кезегінде сайлау науқанына белсене қатысып, дауыс берудің маңыздылығын атап өткен Сайын Сәлімгерейұлының сөзін сайлаушылар қолдап, азаматтық белсенділік танытудың маңыздылығын айтты.

Кездесуден кейін кандидат Сайын Қуанышев көпбалалы ана Болғанай Басамбаеваның үйіне барып, партияның сайлауалды бағдарламасына тоқталып, ұсыныс- пікірлерін тыңдады. Әлеуметтік салаларға қатысты кез-келген мәселе «Nur Otan» партиясының назарынан тыс қалмайтынын айрықша атап өтті. 

Бұдан соң Мұқыр округінде жаңадан салынған 424 орындық мектепті аралап, жұмыстарымен танысты.

«Nur Otan» партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

img 20201219 wa0048
img 20201219 wa0047
img 20201219 wa0051
img 20201219 wa0050
img 20201219 wa0053
img 20201219 wa0046
img 20201219 wa0049
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз